Қоңырбөрік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қоңырбөрік[1] (шын аты Өтей) – қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі.
Шежіре бойынша, Ұлы жүздің албан тайпасындағы шыбылдан тарайды. Қоңырбөріктен Қалқаман (Біте, Базар, Майлы, Тама), Бойдақ (Құртқа, Мамай), Жарман (Қарақұл, Сарықұл) аталары өрбіп, іргелі руларға айналған.
19 ғасырда қоңырбөрік рулары, негізінен, Іле өзенінің сол жағалауынан Қытай шекарасына дейінгі аумақты, оңтүстігінде Іле Алатауының биік жоталарын, батыста Верный уезінің жеріне дейінгі аймақтарды, ішінара Оңтүстік Қазақстан өңірін мекендеген. Кейбір аталары Шыңжаң өлкесіндегі Текес, Іле бойын жайлап, мал өсірумен қатар егіншілікті де кәсіп еткен. Ұраны – Райымбек, таңбасы – дөңгелек () болып келеді.

Пайдаланған әдебиетттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы