Шәйкөз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шәйкөз — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Орта жүздегі уақ тайпасының құрамына енеді. Шәйкөзден Жолымбет (Жәнібек), Шойқара, Қатымқұл, Қосай аталары тарайды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Петропавл у-нің Пресногорьков болысын, Аманқарағай, Баянауыл округтерін мекендеген. Жазда Үй, Тобыл өзендері алаптарын, қыста Жаңакөл, Тоқсан, Сақалы, Кішкенекөл, Ыстықкөл, Төрекөл, Жыланды, Көшербай, Жарқайың, Байқотан көлдері алқабын қоныстанған. Ұраны — Жаубасар, таңбасы — ергенек.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]