Тарышы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тарышы – керей тайпасынан тараған рулар бірлестігі. Қазақ шежіресі бойынша керей ашамайлы керей, абақ керей болып екі тармаққа бөлінеді. Ашамайлыдан шимойын-танаш, одан сибан, балта, көшебе, Тарышы рулар бірлестігі қалыптасып, бұлардан ірілі-ұсақты бірнеше рулар тарайды. Тарышыдан ақсары, құлсары, тоқымбет, матақай, самай, еменалы (семеналы), нұралы, нұрымбет. Бұл ру, аталар 19 ғасырдың бас кезінде бүгінгі Орт., Солт. Қазақстан, Омбы жерін мекен еткен. 1824 ж. Көкшетау окр. ашылғанда мұнда құлсары – 870, балта, көшебе – 620, еменалы – 895, самай – 795 түтін болған. Ұраны – Ошыбай, Ашамай, таңбасы – +, Х.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы