Шөмекей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ШөмекейАлшын тайпасынан тарайтын ру. Кіші жүздің құрамына кіреді. Ағасы Әлім таңба бермеген соң Шөмекей нағашысына Орта жүзге барып таңба алады. Артынан ұялған ағасы бір баласының таңбасын алып Шөмекейге беріп, тарихта Шөмекей екі таңбалы болады.

Шөмекейдің Тәнке тармағының қарақалпақ құрамында болуы да осындай пікірді қостауға мүмкіндік береді. Одан анна, құйын, айтеке, шеруші рулары өрбиді (Т.А.Жданко). Бірақ Кіші жүз Шөмекейінің рулық таңбасы, ұраны дулаттарға ұқсас емес. Соған қарағанда таңбаны кешірек алуы немесе әуел баста өзіне тән таңбасы болуы да мүмкін. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында Шөмекейлер Қазалы оязының, Сырдың төменгі сағасын, Перовск оязының солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе ояздарының шығысын мекендеген. Мал шаруашылығы мен айналысқан.

Шөмекей руының Батыс Түрік қағанатының негізгі руларының бір болған Чумуген(Шимойын) тайпасына қатысы жоқ.

Шөмекей тайпасының толығырақ тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орыс тарихына «Ішкіліктер» (ушкуйниктер) деген атпен енгенін байқауға болады. Ал, осы тайпа орта ғасырда солтүстік, солтүстік-шығыс жерінде өте үлкен күшке айналған. Орыс жылнамаларының /летопись/ жазуына қарағанда, олар Кама, Вятка өзендерінің бойы, Балтық теңізінің жағалауларын мекендеген. Осының жарқын бір көрінісі - Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су топонимдердің осы күнге дейін сақталғаны. Жоғарыда Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су, қала аттары көрсетілді. Тағы бір дәлеліміз, солтүстіктегі Архангельск облысындағы Ақ теңіздің /Белое море/ жағасында Кошкаранцы елді мекенінің болуы. Шежіре бойынша Шөмекейден – Бозғұл – Келдібай – Сейін (Желдір) – Қошқаралы болып тарай­ды. Кошкаранцы мен Қошқаралы бір сөз. Сол сияқты Акись –/Ақиіс/, Кожым /Қожым/, Аксарка /Ақсары/, Усть-Кара /Үсті Қара, Кия /Қиян/, Индиги /Елдегі/, Койда /Қойда/, т.б. түркі тілінде бір Архангельск облысында ондаған елді мекендердің бар болуы, солтүстікте шөмекей тайпаларының тұрған жері екенін айғақтайды. Сол сияқты Пеньза облысында екі Кошкаровка елді мекені бар. Шежіреде Шөмекейден – Аспан – Есімбет – Төбет – Төлес – Қошқар... болып таратады. Казачья /қазақтар/, Шугурово /Сүгір/, Ахатовка /Ахат/, Чунаки /Сунақтар/ атты елді мекендер бар. Солтүстік орыс жерінде түркі тілінде (қазақ) аталған жүздеген жер-су, ауыл /деревня/, қала аттары бүгінгі күнге жеткен. Үшіншіден, X ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін 700 жыл бойы шөмекей тайпасы туралы араб, парсы, орыс жылнамаларында кездеспейді. Соған қарағанда, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін, солтүстіктегі ушкуйник /ішкіліктер/ қауымын құрған осы «Шу тайпаларының» бірі шөмекей тайпалары болуы мүмкін. Осы бір болжамымызға сәуле түсіретін Қ.Салғараұлының «Ұлы Дала» зерттеу еңбегіндегі «Географиялық-аумақтық бөлініс» тарауында: «Ерте заманда үлкен өзен – су бойын мекендегендерді, яғни теңіз, көл, дария жағалауларындағыларды «ғұздар» деп атаған. «Ғұз» атауы байырғы түріктердің өзен-су мағынасын білдіретін «үгүз» деген сөзінен шыққан», - деп жазады (Астана, 2013. 84-б).Шөмекей тайпасы бұрынғы Шу өзенінің бойында тұрғандағы аттарын өзгертпеген, не көрші тайпалар шөмекейлерді «ішкіліктер» деп атауы да мүмкін. Мысалы, ішкі қыпшақтар, ішкі оғыздар деп аталуы, олар негізінен орданың маңайында қоныстанған. Яғни, ішкі /ішкілік/ деп атаған. Орта ғасырда (мүмкін одан да бұрын) Қаратеңіз жағалауын, Қырым түбегін, Кавказ тауының баурайын, Дон, Днепр өзендерінің бойында түркі тайпаларының мекені, қонысы болғаны орыс жылнамаларында жазылған, ал шөмекей тайпасы да солтүстік, солтүстік-шығыс орыс жерінде мекендеген деп айта аламыз. VII ғасырдың ортасында: «Шөмекен /шөмекей/ ұлысы әбден күшейген, ол тіптен жеке ел ретінде тарихта аты белгілі Басмыл, Керғұр (Ғырғыз, /қырғыз/), Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады», - деп көрсетеді [1]. Осы кітапта Шөмекей (Шөмен, Шөмекей) қайдан шықты­ тарауынан оқып білуге болады. Бұған қарап, шөмекей тайпаларының үлкен бір тобы солтүстік орыс жеріне қоныс аударған дейміз. Шуя қаласының Хива деп аталуы, шөмекейлердің Хива қаласында қоныстанғандары, кейінгі бір уақыттарда, аталастары шөмекейлерге, солтүстік-шығыс орыс жеріне көшіп барып, «Молого базарының» маңынан қала салып, Хиуа қаласы деп атап, үлкен сауда орталығына айналдырған болуы керек. Сол сияқты, Кострома қаласы Хорезм қаласы деп аталған. Соған қарағанда шөмекейлердің саудамен айналысқанын байқауға болады. Осы болжамымыздың дұрыстығына С.П.Толстов Гаркавидың «Сказания мусульманских писателей о славянах и русских» атты еңбегіне сүйене отырып мынадай қорытынды жасайды: «Хорезмийская экспансия на север не ограничивается экономическими связами. В X веке Хорезм выступает в качестве активной политической силы по отношению к народам Поволжья. К X веку относится свидетельство ибн-Хаукаля о походах хорезмийцев на границы Булгарского царства, откуда они возвращаются с добычей и рабами», - деп жазуы, солтүстіктегі Молого базары хорезмдіктердің қол астында болған деп айта аламыз [2]. С.П.Толстовтың хорезмдіктер деп айтып жүргені шөмекей тайпалары болуы да мүмкін. «Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады»,-деп жазылудың өзі шөмекей тайпасының жеке ел болғанын білдіреді.

Шөмекей тайпасының ауызша шежіресінде: Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Сырым. Сырым, Асанаға дейін төрт ата. Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Байқонды – Есенәлі – Аю. Аю Аспанға дейін алты ата. Бұл арада Левшинің Аюсырым деп жазып отырғаны дұрыс сияқты. Екіншіден, шөмекей руы өздерін бұрынғы атауларымен түрік деп атап, Қазақ хандығына кейін келіп қосылғанын байқауға болады. Жоғарыда «ішкіліктер» /«ушкуники»/ Бату хан әскерімен соғысқаны туралы жазылған. Соған қарағанда, А.И.Левшиннің жазып алған шөмекей руының аңыздарындағы оқиғалар шындыққа жанасады. Алты ата Әлім тайпасына (Қаракесек бірлестігі) шөмекейлер Шыңғысхан солтүстік-шығыс орыс жерін жаулап алғаннан кейін қосылған болуы мүмкін. Бұл да келешекте зерттеуді қажет етеді. Кейбір шөмекей руының аталықтары Арғын руының ішінде кездеседі. Арғын тайпасының, тоқал арғын бір­лестігінің Саржетім аталығында Шақшақ бөліміндегі Көшейдің ішінде Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары бар [3]. Ал, осы аталықтар Шөмекейдің Аспанының Есімбет руының ішінде. Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төлес – Қошқар; Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төбет – Орсақ – Айтқұл – Қарабас; Аспан – Есімбет – Бұғанай – Байқонды – Есенәлі – Аю. [4]. Арғын шежіресінде Қошқар, Қарабас, Аю аталығы Көшейдің екінші әйелі қалмақ әйелінен туған деп жазады. Бұл арадан байқайтынымыз, Үлкен Орда (Алтын Орданың мұрагері), Ноғай ордасы, Қасым, Қазан, Сібір, Астрахан, Қырым хандықтары ыдырап, XVI ғасырдың бас кезінде шөмекей руының негізгі ұйытқы тобынан бөлініп қалып, Аспанның Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары Қазақ хандығына қосылғанда, арғын руының ішінде қалып қойған. Шөмекей руының солтүстік орыс жеріндегі бір бөлігі - «ішкіліктер» III Иван патшаның кезінде Дон казактарына, енді бір бөлігі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігіне қосылған дейміз. Көк түріктер, Ашина түріктері немесе Аспан түріктері деп тарихта жазып жүргендеріміз осы Шөмекей тайпасының Аспан аталығы болуы да мүмкін. Бұл ұшқары ой, пікір болып көрінгенімен, Шөмекей тайпасының өткен-кеткен тарихын егжей-тегжей зерттесе, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттерінің талайы ашылары хақ.[5][6]

Шөмекей туралы аңыздар мен мақал-мәтелдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей»

Шөмекей өзнің бірінші таңбасын нағашы жұртынан Орта Жүзден алады. Дәстүр бойынша, жиеннің назары қатты, - деген бар, сол себепті жиеннің назаны түсірмейін,- деп нағашылары таңба беруге шешіледі. Ал таңба алу үшін белгілі мөлшерде құн төлеу керек болатын. Бірақ Шөмекейде құн төлейтін малы болмайды. Баланың көңілін қалдырмау керек, бірақ таңбағада құн төлену керек, осы мәселені шеше алмай басы қатқан Орта жүздің билері жігітке шарт қояды: Сайлап он алты жігітті жекпе-жекке шығарамыз, егер жеңсең таңба сенікі, ал егер біреуінен жеңіліп қалсаң бізге ренішің болмасын, - дейді. Шөмекей келісіп жекпе-жекке шығып барлығын жеңіп шығады. Содан соң ол өзінің таңбасын алады. Содан нағашы жұрты Шөмекейге ас береді. Ешкімді күтпей тамақты бастап жіберген Шөмекей үлкендердің келіп қалғанын көріп түйіліп қалады. Арқасынан қағып түсіргенде тамағынан көмекей шығады." «Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей» осы нағашы жұрты баланың мықтылығына таңданып айтқан деседі.

Осыдан кейін Шөмекей еркін және тәуелсіз болды және  өзнің өжеттілігімен басқа руларға тиімді емес шешімдерді қабылдап тарихта орын алған. Бұл жағдайға жағдай Шөмекейдің көп болғаны да себепші болды. Олар қазақт тарихындағы барлық ірі көтерілістерге белсенді қатысты.

Ашып айтып кететін болсақ қазақтың соңғы Кенесары ханға қолдау көрсеткен алғашқылардың бірі Шөмекей екенін атап өткен жөн, бұл жағдайды Ресей империясының Генштабы Л. Мейер полковнигі  былай сипаттайды:

«... Біз көргендей 1840 жылы барлық жағынан қуғынға ұшыраған Сұлтан Кеңесары өте ауыр жағдайға түсті, бірақ көп ұзамай оның жағдайы өз қалпына келді:Он Шөмекей руы құрметпен қабылдап хан, - деп жариялады. Артынан сол ауылдың биінің қызына үйленді. Артынан Әлімнің Төтрқара мен Шекті рулары бірге косылып хан ,- деп мойындады.

Кеңес өкіметіне қарсы 1930 жылы Шөмекейлер соңғы көтеріліске қатысқан ( «Тоқалар көтерілісі»).

Ашығын айтқанда, орыс отаршылдарына қарсы соғысуға Шөмекей руының толық қауқары да дайындығы да жеткілікті болған.

Ресеймен достық және тату көршілік туралы келісімге отырған Әбілқайыр хан соңынан осы келісімнің көп бұрмалануының себептерінен қазақ даласы толық бағынышты күй кешті. Қазақ қоғамын еркін және тәуелсіз дамытуға бағытталған бұл дәуірі әрекет көптеген қоғам қайраткерлері болды. Әлихан Бөкейханов Семей қаласында қазақ автономиясын құрғысы келді, Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясының оңтүстігінде құруға тырысты. Бірақ бұл күштер бекер болды. Жалпы көтеріліс қауіпін ескере отырып НКВД, Ресей құпия полициясымен тез-тезден әскери психологтарды жіберіп елді бөліп басқару әрекетіне байланысты әрекеттерді белсенді түрде жүргізіп отырды. Империал Ресей, құпия полиция желісі пайдаланылатын бұрын. Осы әрекеттер рулар арасына араздастықты тудырып ақпатшаға қарсы дайындалған күштерді өзара бөліп отырды. Сонымен қатар, жемқор байларды параға сатып алу  жұмыстары жүзеге асырылып отырды, сырттан мал ұрлыққа арандатушы қолдар жалдады. Және бұл істері ақпатшаға өзінің ойына келген іс-әрекетін жасауға мүмкіндік берді.

Халық жадында қалған аты аңызға айналған қайраткер туралы ақпараттар.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сәмет Назымұлы (1744-1839) - Алшынның Шөмекей руының Тоқа аймағынан. Ол тарихшылар мен этнографтардың назарынан мүлде шығып қалған кейіпкер. Атақты бартырболған Сәмет қол өнері(қамшы, бау, ертоқым жасаудың қас шебері) бойыншада қас шебер болған. Сатып алған қамшыны Сәмет тоқадан алдым, деген ел аузында аңыздар бар. Тағы бір ауыз-екі әңгіме бойынша, ауыл жәмеңкесінде казактар бір қазақ баласын өлтіріп кетеді. Мәселені шешу үшін ауыл ақсақалдарының алдына өлтірген кісіні(бойы ұзын, денесі үлкен казактың мықты атаманы) алып келеді. Қазақтар жағын жекпе-жекке Сәмет батыр бастап шығады. Айқас ат үстінде басталып кетеді, Сәмет батыр атаманды қамшымен иығынан салып қалып тарты келіп жібереді. Аттар айрылған шақта Сәмет батыр атын тоқтатып ақсақалдарды қасына келіп қарап тұрады. Казактар ой мынау аттан қорқып түсті деп күлгенше болған жоқ, атаманның денесі иығынан беліне дейін екіге бөлініп қалады. Оны көргендер аң-таң болып үнсіз қалады. Атақты батырды өлтіру жолында ақпатша батырдың айналасындағы қосшыларының арасында батыр туралы өсек таратып және оларды ақшалай қаржыландырып отырды. Бін күні Жанқожа үйінде жалғыз қалып, түскі аптапты өткізіп демалып жатқанда, ақпатшаның алдауына түскен нөкерлер үйдің ішіне кіруге батылы бармай, қоршауға алады. Батыр бірнәрсені сезгендей ер-сауытын киіп сыртқа шығады. Батырмен жекпе-жек шығуға батылы бармаған сатқындар кері шегініп алыстан оқ жаудыра бастайды, бірақ көпке дейін батырға оқ тімейді. Батыр сатқындарды жалғыз өзі қуып жүріп ақыры ажалды оқ батырдың сауытының осал жерін тауып кеңсіріктен тиеді, өйткені батыр ер-сауытты кигенде тамағын жабуға үлгермей асығып шығып кеткен болатын. Батыр өзінің өлімі өз бауырларынан болғанына қатты ызаланып, жаратқаннан тәубе сұрап садағына сүйеніп тігінен жан тапсырады. Сатқындар көпке дейін батырдың өлі-тірісін біле алмай қасына жақындауға батылдары жетпейді. Батырға кімдер қастандық жасады дегенде ақпатшаның алтынына сатылғандар бір ауыздан Шөмекейлерді көрсетеді, өйткені осының бәрі алдын ала ұйымдасқан шара болатын. Батырды қоршауға алғанда әдейі Дөйт! - деп ұрандатып келген. Осындай батырдың өлімі туралы елде қайғылы аңыз бар. Шөмекейлердің ұранын пайдаланып ақпатшаның сатқындары талай жерде басқа рулармен араздастыру шараларын жасаған, бірақ Шөмекей ұрпақтарының әрқашанда өз ісіне, сөзіне берік болғандығының арқасында жаланы мойнына қоя алмағандықтан ақпатшаның елден шектету мәселесі өз нәтижесін бермей келген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаракесек бірлестігі (Әлім, кете, шөмекей). XIII том. 1-кітап. 232-б
  2. Древний Хорезм. – Москва, 1948. Стр.15
  3. Арғын­. IX том. 3-кітап. – Алматы. 2007. 534-б
  4. Қаракесек бірлестігі (Әлім, кете, шөмекей). XIII том. 4-кітап. – Алматы, 2010. 404, 407, 418-бб
  5. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  6. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В., Қазақ шежіресі хақында, А., 2000.