Сыпатай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

СыпатайҰлы жүз Жалайыр тайпасынан тараған ру. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған) Жалайырдың Шуманақ тармағынан өрбіген алты рудың бірі.

Сыпатай алты атаға бөлінеді:

  • Ақмарқа,
  • Қарамарқа,
  • Сауық,
  • Шалымбет,
  • Есеней,
  • Күшек.

Көне оғыздардың ішінде Аққойлы, Қарақойлы болған сияқты Сыпатайда Ақмарқа, Қарамарқа тармағының болуын бұлардың түрік қағандығынан өрбігенін, Шу мен Сырдың тайпаларының ежелгі бірлестігінің құрамында болғанын дәлелдейді.

Н.Аристов Алтайдағы Марқа көліне байланыстырып сол жерлерді жайлаған Қарлұқтардың батыс ьөлігіне де қатысты деген пікір айтқан. Н.А.Абрамовтың еңбегінде 19 ғ-дың 2-ші жартысында Сыпатай руы 780 түтін (үй) болған деген.

Мекендері бүгінгі Талдықорған облысындағы Ешкіөлмес, Лабасы, Мұрын, Алтуайт, Кеден жерлері. Биі - Тоқтамыс, Ақынбайұлы, ел басшысы - Қамбар Аланұлы, Ұраны - Бақтияр, Таңбасы - тарақ [1][2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абрамов Н.А., Река Каратал с ее окрестностями, «Зап.Императорского географического общества», т.1, СПб,1867
  2. Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том