Сары қаңлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сары қаңлы - Ұлы Жүз Қаңлы тайпасының тармағы. Қазақ шежіресі бойынша Қаңлыдан-Қанкөжек-Келдібек. Соңғы атаның бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары Қаңлы Бұдан тараған ұрпақ Қазан революциясына дейін Сыр бойын, Ташкент төңірегін, Жетісуды мекен етті. Сыр бойындағылары өздерін Сары Қаңлының 5 атасынан (Ақбота, Ақынқожа,Талқожа,Омыртқа,Миям) Жетісудағылары да 5 атадан таратады. Бірақ Жетісудағы Сары Қаңлы аталарының аты өзгеше. Олар: Әлсейіт, Түрке,Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы. Бұлар туралы шежіре ғылыми жүйеге келтірілмеген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 43 бет