Эвендер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эвендер

Дәстүрлі киім киген эвен (ламут) әйелдер, Охотск округі, 20-шы ғасырдың басы
Бүкіл халықтың саны

22 000

Ең көп таралған аймақтар
 Ресей

21 830 (2010)

 Украина

104 (2001)

Тілдері

эвен тілі, орыс тілі

Діні

шаманизм, православие

Эвендер (өз атауы – эвэн), тұңғұстар, ламуттар (бұрынғы атауы) – Ресей Федерациясындағы халық. Солтүстік Сібірде, Магадан мен Камчатка облыстарының кейбір аудандарында, Хабаровск өлкесіндегі Охота маңы мен Якутияның солтүстік-шығыс аудандарында тұрады. Жалпы саны 13,9 мың адам (2006).

Антропология жағынан үлкен моңғол нәсілінің байкал тобына жатады. Тұңғұс-маньчжур тобындағы эвен тілінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген.

Эвендер ХІХ ғасырда қабылдаған православие дəстүрін ұстанады, бірақ әлі күнге дейін шамандық дінді ұстанатын топтар бар.

Шығу тегі мен мәдениеті жағынан Эвендер өздерімен туыстас эвенкілердің солтүстік-шығыс тармағын құрайды. Юкагир, коряк және чукча сынды халықтармен тығыз байланыста өмір сүргендіктен бұлармен антропология және этнография ұқсастықтары көп. Кейінгі орта ғасырларда Эвендердің көпшілігі Охота т. жағалауында, Верхоян жотасында көшіп жүрген.

Ұзақ уақыт негізгі шаруашылығы – бұғы өсіру мен аңшылық болды. Ал жағалауда тұратын Эвендер теңіз кәсібімен және балық аулаумен айналысты. Киіз үй, чум сынды баспаналарда өмір сүрген.

Дәстүрлі киімдерін аң терілерінен тікті. Әйелдер де, ерлер де тері кафтан, кеудеше киген. Киімдері ұлттық ою-өрнектермен нақышталып, түрлі ұсақ тастармен (бисер) әшекейленді. Ұзақ уақыт дәстүрлі наным-сенімдерін сақтап келді. 20 ғасырда Эвендердің өмірі түбегейлі өзгеріп, ассимиляцияға ұшырай бастады. Қазіргі таңда олар өз болмыс-бітімін жоғалта бастаған.[1]

Қазақстандағы эвендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы эвен диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:

  • 13 (1970 ж.),
  • 9 (1979 ж.),
  • 32 (1989 ж.),
  • 28 (1999 ж.),
  • 11 (2009 ж.) адам, негізінен республиканың солтүстік облыстарында қоныстанды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;