Неварлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Неварлар
Бүкіл халықтың саны

1,2 млн. (2001)

Ең көп таралған аймақтар

 Непал  Үндістан  Бангладеш

Тілдері

невари тілі

Діні

буддизм, индуизм

НеварларНепалдағы халық. Катманду жазығы мен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы қалаларды мекендейді, шағын топтары Үндістанда тұрады.[1][2][3][4][5][6] Жалпы саны 1,2 млн адам. (2001, халық санағы). 170 мың адамға дейін Үндістанның солтүстік-шығысында тұрады (Сикким штаттары, Батыс Бенгалия), шамамен. 1 мың адам – Бангладеште (2011).[7]

Қытай-тибет тіл шоғырының тибет-бирма тобындағы невари тілінде (Непал Бхаша) сөйлейді. Непали тілі де тараған. Неварлардың шамамен 43% непал тілін екінші тілі деп санайды. Жазуы деванагари негізінде.[8]

Неварлар буддизмді де, индуизмді де ұстанады. 2001 жылғы санақ бойынша неварлардың 84,13% - индуистер, 15,31% - буддистер.[9] Бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Негізгі дәстүрлі кәсіптері – суармалы егіншілік (күріш, бидай, қара бидай, жүгері, арпа, картоп, бұршақ тұқымдастар, көкөніс, жеміс-жидек). Мал шаруашылығымен (сиырлардың зебу тәріздес тұқымдары, буйволдар, ешкілер), тауық өсірумен де айналысады. Қолөнерден тоқымашылық, ағаш жону, ағаш ұсталығы, металл өңдеу, қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар мен шағын мүсіндер жасау дамыған.[10]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кейбір касталарға туыстық және туыстық-аумақтық принцип бойынша құрылған топтар кіреді (Коти), олар шаруашылық және салттық функцияларды орындайды. Неке моногамды, ауқатты неварларда кейде көп әйел алушылық бар. Отбасы шағын және патрилокалды.

Әйелдер белдемше (гунью), жиектері өрнектелген, денені орайтын мата, ұзын жеңді, жағалы кофта, т.б. киеді. Шаштарына ленталар қосып, бір бұрым етіп өріп, әшекейлер тағады. Құлақтарына жуан дөңгелек сырғалар мен қолдарына білезіктер тағады.

Негізгі тағамдары – күріш, қара бидай мен жүгері ұнынан пісірілген нан, әр түрлі көкөністер, сүт өнімдері, сүт қосылған шай, күріш, арпа, тары, жүгері сырасы, мереке күндері ет тұтынылады. Олар сиыр етін жемейді.[10]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Советская историческая энциклопедия - невары http://www.terminy.info/history/soviet-historical-encyclopedia/nevary
  3. Советская историческая энциклопедия Невары https://my-dict.ru/dic/sovetskaya-istoricheskaya-enciklopediya/2117856-nevary/
  4. Значение слова НЕВАРЫ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2021795.html
  5. Невары https://gufo.me/dict/bse/%D0%9D%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D1%80%D1%8B
  6. Значение слова невары https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%BD%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D1%80%D1%8B
  7. Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/2651237 Мұрағатталған 16 қазанның 2022 жылы.
  8. НЕВАРЫ https://slovaronline.com/browse/9b23a6cf-c242-32e3-b901-8c2fe682b2ce/%D0%BD%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D1%80%D1%8B
  9. Невари https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1058010
  10. a b народы мира / Невары http://www.etnolog.ru/people.php?id=NEVA