Хелонг
Хелонг | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
5 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Хелонг — Амбон-Тимор халықтары тобына жататын Индонезияның этникалық қауымдастықтарының бірі.[1] Тимор аралының оңтүстік-батыс бөлігі және Семау аралдарында қоныстанған. Жалпы саны 5 мың адам.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хелонгтардың арасында аустронезиялық тілдер отбасының екі индонезиялық тілі кең таралған - купанг тілі және роти тілі.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сенушілер негізінен протестанттар.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, күріш, тары, түйнек, бұршақ, көкөністер). Сонымен қатар шошқа, буйвол, құс шаруашылығы, жағалаудағы балық аулау (тор мен найзаларды пайдалану) дамығане. Қолөнерден – тоқу және өрумен айналысады.[3]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасы шағын, моногамды. Неке патрилокалды. Ротилармен аралас неке жиі кездеседі.
Дәстүрлі қоныстары шоғырланып, қазіргілері қатарласып орналасқан. Тұрғын үйлері қаңқалы және қадалы.
Дәстүрлі киімдері - каин және көйлек немесе күрте.
Тағамдары - пісірілген немесе қуырылған балық қосылған көкөніс, ет - мереке күндері пайдаланады.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение слова хелонги https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%85%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%B8
- ↑ Хелонги https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1886795
- ↑ a b народы мира / Хелонги http://www.etnolog.ru/people.php?id=HELO