Әйкен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әйкен
Lathyrus nissolia
Lathyrus nissolia
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Кіші тұқымдасы: Faboideae
Тайпасы: Fabeae
Тегі: Lathyrus
Карл Линней
түрлері

160 түрі белгілі

Әйкен немесе ноқатек (Lathyrus) — бұршақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Қазақстанда 12 түрі бар. Олар далалық, шалғындық, егістік жерлерінде, бұталы өсімдіктер арасында кездеседі. Ең көп тараған түрі — түйнекті әйкен (L. tuberosus). Оның биіктігі 30 — 100 см, тамыры түйнекшеленген ұзын, сабақтары қырлы келеді, тік немесе өрмелеп өседі. Қосарланған жапырақшалары ұсақ, гүлдері хош иісті, күрең-қызыл түсті болады. Маусым — шілде айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйекте жеміс береді. Жемісібұршақ тәріздес. Әйкен — бағалы мал азығы, сабағынан пішен және сүрлем дайындайды. Тұқымында 28 — 30% белок болады. Сондықтан тағамға да пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]