Күнжіт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Күнжіт
үнді күнжіті
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Pedaliacae
Тегі: Sesamum
Карл Линней
түрлері

20 түрі белгілі

Күнжіт (лат. Sesamum) – күнжіттер тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық өсімдік туысы.

Негізінен Оңтүстік Африкада, Мадагаскар, Сокотра аралдарында, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Солтүсік Австралияның тропиктік, субтропиктік белдемдерінде өсетін 35-ке жуық түрі бар. Екпе түрі – Үнді күнжіті. Биіктігі 1 – 2 м, сабағы тік, бұтақты, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке жайылады. Төменгі жапырақтары қысқа, жалпақ, орта тұсындағылары ірі, гүлі ірі, ұзындығы 4 см-ге жетеді. Күлтесі ашық қызғылт, күлгін не ақ. Жемісі 4, 5 не 8 қырлы қорапша, ұзындығы 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы төгіледі. Бір қорапшада ұзындығы 2,5 – 3,5 мм, ені 1,6 – 2 мм, 80-ге жуық дән болады. Сортына, өсірілген жеріне байланысты вегетациялық кезеңі 80 – 150 күн. Жарық, жылу сүйгіш өсімдік. 18 – 20°С-тан жоғары температурада жақсы көктейді. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Дәнінде 45 – 59% май болады. Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжіттің әр гектарынан 1,2 – 1,5 ц дән алынады.[1]

Күнжіт, сезам (Sesamum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік аймақтарда және Оңтүстік Африкада өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі – үнді Күнжіті (S. іndіcum) бар. Бұл биіктігі 1 – 2,5 метрдей, өте тез өсетін бір жылдық өсімдік. Сабағы тік, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке дейін жетеді. Төм. жапырақтары қысқа, жалпақ болады. Орта тұсындағылары ірі келеді. Ашық қызғылт, күлгін не ақ түсті, дара гүлі жапырақ қойнауынан жетіледі. Гүлі оймаққа ұқсайды. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Вегетац. мерзімі 2,5 – 5 ай. Жемісі – көп қырлы қорапша, ұзындығы 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы жерге төгіледі. Бір қорапшада 80-ге жуық дән болады. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Оның дәнінде 50 – 65% май болады (құндылығы жағынан зәйтүн майынан кем түспейді). Күжіт майы тағам өндірісінде, сабын қайнату үшін, парфюмерияда қолданылады. Сондай-ақ Күнжіт дәнін шығыстың тәтті тағамы – халуа жасау үшін пайдаланылады. Қайнатқандағы шығатын майының күйесінен жоғары сапалы қытай тушы (сурет салатын бояу) жасалады.

A.

Күнжіт.

A.

Жапырағы мен жемісі.

A.

Гүлі.

A.

Дәні.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том