Қазақстан (корпорация)
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
1957 жыл (Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемтелерадио ретінде) |
Орналасуы |
Қазақстан, Астана, Қонаев көшесі, 4 үй (Қазмедиа орталығы) |
Басты адамдары |
Ләззат Танысбай (Басқарма Төрайымы)[1] |
Қызметкерлер саны |
1600-ден астам |
Басшы компания |
Акциялары 100% ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі |
Еншілес компания |
«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС |
Сайты |
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ұлттық телерадиокорпорация, елдегі ең ірі медиа құрылым.
Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады. 2012 жылы корпорация Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығына» көшті.[2] 2019 жылғы сәуірден бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы — Ләззат Танысбай.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.
1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.
1991 жылы Қазақ КСР Мемтелерадиосының орнына Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы, кейін 1992 жылғы 18 қыркүйекте «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
1994 жылдан бастап «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына енді, ал «Алатау» телеарнасы «Қазақстан-2» телеарнасының ізбасары болды, оны 1995 жылы «Хабар» алмастырды.[3]
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Жылдар | Есім | Фото | Лауазымы |
---|---|---|---|---|
1 | 1956-1957 | Қанапия Мұстафин | Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігі Радиоақпарат бас басқармасының бастығы | |
1957-1959 | Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы | |||
2 | 1959-1962 | Құрманбек Сағындықов | Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы | |
3 | 1962-1969 | Кенжеболат Шалабаев | Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
4 | 1969-1975 | Кеңесбай Үсебаев | Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
5 | 1975-1978 | Хамит Хасенов | Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
1978-1983 | Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |||
6 | 1983-1986 | Камал Смайылов | Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
7 | 1986-1990 | Ғаділбек Шалахметов | Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
8 | 1990-1991 | Сағат Әшімбайұлы Әшімбаев | Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
9 | 1991-1992 | Ғаділбек Шалахметов | Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы | |
10 | 1992-1994 | Шерхан Мұртаза | «Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабарлар компаниясының төрағасы | |
11 | 1994-1995 | Ләйлә Бекетова | «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті | |
12 | 1995-1996 | Әшірбек Көпішев | «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті | |
13 | 1996-2001 | Ерлан Сатыбалдиев | «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті | |
14 | 2001-2002 | Есетжан Қосубаев | «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
15 | 2002 | Ғалым Доскен | «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
2003-2004 | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |||
2004-2006 | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |||
16 | 2006-2007 | Нұртілеу Иманғалиев | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
17 | 2007-2008 | Дәурен Серікұлы | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
18 | 2008-2011 | Жанай Омаров | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
19 | 2011 | Дәурен Әбдіхамитов | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
20 | 2011-2016 | Нұржан Мұхамеджанова | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы | |
21 | 2016-2017 | Кемелбек Ойшыбаев | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
22 | 2017-2019 | Ерлан Қарин | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы | |
23 | 2019- | Ләззат Танысбай | «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы |
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.
Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.
Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.
Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.[4]
Басқарма Төрайымының орынбасары: Шынар Ихсанғалиева | Басқарма Төрайымының орынбасары: Азамат Кеңесұлы | Басқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары: Дана Абибуллақызы | Басқарушы директор: Айдын Дүйсенбайқызы |
---|---|---|---|
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы | "Qazsport" телеарнасы | Қаржылық қамтамасыз ету департаменті | Анонс бөлімі |
"Balapan" телеарнасы | "Abai TV" телеарнасы | Техникалық қамтамасыз ету департаменті | Диджитал департамент |
Алматы қаласындағы филиал | "Алтын қор" телерадиоқор департаменті | Коммерциялық қызмет департаменті | Маркетинг және медиа аналитика бөлімі[5] |
Дубляж бөлімі | Өндірістік орталық | Ақпараттық қауіпсіздік департаменті | |
Телехикаялар өндірісі бөлімі | Аймақтық филиалдармен жұмыс бөлімі | Персоналды басқару департаменті | |
Дистрибуция және сатып алу бөлімі | Облыстық филиалдар (14 филиал) | Құқықтық қамтамасыз ету департаменті | |
Еншілес ЖШС: "Қазақ радиолары" ЖШС, "Телевизия жаңалықтары агенттігі" ЖШС | Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті | ||
Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті |
Республикалық телеарналар мен радиостанциялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Арна атауы | Логотип | Құрылды | Сипаттама | Директор | Маңызды бағдарламалар |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | Qazaqstan | 1958 | Қазақстанның бірінші ұлттық телеарнасы.
Таралуы: бүкіл Қазақстан. Тілі: қазақша |
Болат Мүрсәлім | Таңшолпан, Апта, Ашық алаң, Ақорда | |
2 | Qazsport | 2013 | Қазақстанның бірінші спорттық телеарнасы.
Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша |
Нағи Бақытбеков | СПОРТты ТАҢда, Sport Review | |
3 | Balapan | 2010 | Қазақстанның бірінші балалар телеарнасы.
Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша |
Индира Тұрсынбай | Balapan live, Кім тапқыр, Кішкентай дәрігер | |
4 | Abai TV | 2020 | Мәдениет және өнер телеарнасы.
Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша |
Еркін Мұхамеджанов | Сарасөз, Киелі сахна, Шаңырақ, Сана | |
5 | Qazaq radiosy | 1921 | Ұлттың үнжариясы.
Жиілігі: 106,8 FM. Тілі: қазақша, орысша |
Нұртас Көшеров | Таңғы көңілашар, Мінбер, Бір толқында | |
6 | Shalqar | 1966 | Қазақ халқының руханиятын насихаттайтын радио.
Жиілігі: 100,4 FM. Тілі: қазақша |
Шалқар таңы, Әлқисса, Күй-шежіре | ||
7 | Astana | 1999 | Ақпараттық-музыкалық радиостанция.
Жиілігі: 101,4 FM. Тілі: қазақша, орысша |
Құттықтау сағаты, В ритме столицы, "Сәлем, Астана" | ||
8 | Classic | 2011 | Классикалық музыканың радиостанциясы.
Жиілігі: 102,8 FM. Тілі: қазақша, орысша |
Классикалық таң, ДжазТайм, Музыкалық палитра |
Аймақтық филиалдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Филиал атауы | Арна атауы мен логотипі | Тарихи мәліметтер | Филиал директоры |
---|---|---|---|---|
1 | Абай облыстық филиалы | 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. | Хасен Молдабаев | |
2 | Ақмола облыстық филиалы | 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. | Берік Әбділманов | |
3 | Ақтөбе облыстық филиалы | Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28 қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. | Ғани Жәпішов | |
4 | Атырау облыстық филиалы | Атырау телестудиясы Гурьев қаласының 350 жылдығын тойлау кезінде 1990 жылы 1 қыркүйек күні тұсауын ресми түрде кесті. | Талғат Өтеғұлов | |
5 | Батыс Қазақстан облыстық филиалы | Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. | Клара Қамбетова | |
6 | Жамбыл облыстық филиалы | 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. | Гүлбаршын Құланбаева | |
7 | Қарағанды облыстық филиалы | 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты. | Берік Дүйсетаев | |
8 | Қостанай облыстық филиалы | Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. | Ербол Ипбергенов | |
9 | Қызылорда облыстық филиалы | Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. | Нұрбек Әмиша | |
10 | Маңғыстау облыстық филиалы | 1970 жылы 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы көрсетілімі болды. | Әнуарбек Бимағамбет | |
11 | Павлодар облыстық филиалы | 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды. | Гүлнаш Әбішева | |
12 | Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы | 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. 1960 жылы 1 наурызда өз жұмыстарын бастады. | Ерлан Тоқшалық | |
13 | Шығыс Қазақстан облыстық филиалы | Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. | Берік Көшербаев | |
14 | Шымкент қалалық филиалы | Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында тікелей эфирге таратты. | Саламат Омаш |
Жабылған телеарналар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Алатау» телеарнасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екінші республикалық арнаның («Алатау») трансляциясы 1984 жылы 1 мамырдан бастап АСК-2 аппаратты студиялық кешенінен қазақ және ұйғыр тілдерінде шыға басталды.
Кейін ол «Ел арна» болып өзгертіліп, 1995 жылы жиілігі «Хабар» телеарнасына берілді.[6]
«Мәдениет» телеарнасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Мәдениет» телеарнасы – Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап «Білім» телеарнасымен біріктіріліп, «Хабар» агенттігі жанында «Білім және мәдениет» телеарнасы ретінде хабар тарата бастады.[7]
«Tamasha TV» телеарнасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.[8]
Жобалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы
- Екі жұлдыз
- «Қазақтың жүз әні»
- «Алтын дауыс» Мұрағатталған 7 қазанның 2014 жылы.
- «Қазақстан» аруы» Мұрағатталған 29 шілденің 2014 жылы.
- «Қазақстан» сұңқары» Мұрағатталған 6 маусымның 2014 жылы.
- «Шетелдегі қазақ балалары» Мұрағатталған 11 желтоқсанның 2015 жылы.
- Ел суреттері Мұрағатталған 12 тамыздың 2014 жылы.
- Санжар мен Қайсар(қолжетпейтін сілтеме) [9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Басшылық
- ↑ Корпорация туралы
- ↑ «ҚАЗАҚСТАННАН» «QAZAQSTAN-ҒА» ДЕЙІН
- ↑ Корпоративтік басқару
- ↑ Құрылым
- ↑ Кенесбай Абенов: Мы создавали историю телевидения Казахстана
- ↑ http://madeniettv.kz/kaz/telekanal/o-telekanale/ Мұрағатталған 17 ақпанның 2015 жылы. Телеарна туралы
- ↑ «Tamasha TV» телеарнасы жабылды
- ↑ http://kaztrk.kz/#sectionProjects Жобалары