OŃTÚSTIK (телеарна)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
OŃTÚSTIK
«Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы
Ел

 Қазақстан

Хабар тарату аумағы

Қазақстан Түркістан облысы
Қазақстан Шымкент қаласы

Хабар тарату уақыты

14 сағат

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша, өзбекше

Басқару орталығы

Шымкент, Қазыбек би көшесі, 20

Арнаның тақырыптамалары

әмбебап

Хабар таратуын бастады

5 қараша 1990 жыл

Иесі

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Директоры

Саламат Омаш

Бұрынғы атаулары

Қазақстан-Шымкент

Сайт

ontustiktv.kz

«OŃTÚSTIK» телеарнасыТүркістан облыстық және Шымкент қалалық мемлекеттік телеарнасы. Түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.

Телеарна ғимараты

Қазіргі филиал орналасқан ғимарат 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған еді. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия ашылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 шаршы метр және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 шаршы метр Телекешен заманға сай техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қазіргі таңда жылжымалы теледидарлық станция арқылы облысымыздың кез келген жерінен тікелей эфирде хабар таратуға толық мүмкіншілігі бар. Тәулігіне 14 сағат эфирге шығуда. Телеарнаның 14 сағаттық бағдарламасы барлық аудандарға таратылып көрсетіледі.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. http://kaztrk.kz/kaz/filial/shymkent/ Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2011 жылы.

Сыртқы сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://shymkenttv.kz/kz/channel/collective