Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі | |
---|---|
Қазақстан елтаңбасы | |
Жалпы мағлұмат | |
Құзыреті | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 28 наурыз 2006 жыл (тұңғыш рет құрылды) 23 қаңтар 2012 жыл (қайта құрылды) 1 қыркүйек 2023 жыл |
Оның алдындағы мекеме | Мәдениет және спорт министрлігі (2014-2023) |
Мекемені басқарады | Қазақстан үкіметі |
Министрі | Аида Балаева |
Ресми сайты | |
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam?lang=kk |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі — Қазақстан үкіметіне бағынатын, оның құрамына кіретін орталық атқарушы орган. Министрлік мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттама, ономастика, ақпарат, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.
Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мәдениет және ақпарат министрлігі тұңғыш рет 27 наурыз күні, 2006 жылы құрылды, оның тұңғыш министрі Ермұхамет Ертісбаев еді. 2010 жылдың наурызында министрлік Мәдениет министрлігі болып өзгертілді.
2012 жылдың қаңтарында министрлік қайта құрылды, оның үшінші министрі болып 23 қаңтар күні Дархан Қамзабекұлы Мыңбай тағайындалды. 2014 жылдың наурызында ол тағы бір рет Мәдениет министрлігіне айналып, тамыз айында Мәдениет және спорт министрлігі болып өзгерді.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Тоқаев жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі қайта құрылды.[1] Келесі күні, 2 қыркүйекте президент жарлығымен жаңа құрылған министр лауазымына Аида Балаева тағайындалғаны белгілі болды.[2]
Қызметі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Министрлік мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады:
- мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;
- тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
- кинематография;
- мемлекеттік рәміздер;
- архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;
- электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;
- ономастика;
- креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
- ақпарат;
- ақпаратқа қол жеткізу;
- балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;
- телерадио хабарларын тарату;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- онлайн-платформалар және онлайн-жарнама;
- діни қызмет;
- мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;
- қоғамдық сананы жаңғырту;
- қайырымдылық;
- волонтерлік қызмет;
- медиация;
- ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
- мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;
- өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.[3]
Комитеттері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2023 жылдың қазанында жазылған ақпарат бойынша Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің жеті комитеті бар:[4]
- Дін істері комитеті
- Азаматтық қоғам істері комитеті
- Жастар және отбасы істері комитеті
- Ақпарат комитеті
- Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті
- Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті
- Мәдениет комитеті
Қарамағындағы мекемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК
- «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК
- «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ
- «Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК
- «Астана Балет» театры» ЖШС
- «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ
- «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК
- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
- «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК
- «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» РМҚК
- «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КеАҚ
- «Қазақ әуендері» АҚ
- «Қазақ газеттері» ЖШС
- «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК
- «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» РМҚК
- «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» РМҚК
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
- «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ
- «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ
- «Qazcontent» АҚ
- «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК
- «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС
- «Қазтелерадио» АҚ
- «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК
- «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС
- «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК
- «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК
- «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК
- «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК
- «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК
- «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
- «Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК
- «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК
- «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК
- «Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК
- «Республикалық академиялық неміс драма театры» РМҚК
- «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК
- «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК
- «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
- «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» РМҚК
- «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК
- «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
- «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ
- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
- «Хабар» агенттігі» АҚ
- «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ
- Республикалық мемлекеттік мекемелер
- Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
- Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты
- Геральдикалық зерттеулер орталығы
- Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана
- Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты
- Қазақ ұлттық өнер университеті
- Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
- Қоғамдық келісім
- Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
- Орталық мемлекеттік архив
- Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві
- Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Министрлер тізімі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мәдениет министрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Қазақ КСР Мәдениет Мемлекеттік комитеті (1990–1991) | |||||||
1 | Қанат Саудабаев (1946 туған) |
1990 | 1991 | ҚКП[дереккөзі?] | Терещенко | ||
2 | Еркеғали Рахмадиев (1932 туған) |
1991 | 1992 | белгісіз | Терещенко | ||
Мәдениет министрлігі (1992–1997) | |||||||
1 | Еркеғали Рахмадиев (1932 туған) |
ақпан 1992 |
қазан 1993 |
белгісіз | Терещенко | ||
2 | Серік Ашляев (? туған) |
қыркүйек 1993 |
қазан 1994 |
белгісіз | Терещенко | ||
3 | Талғат Мамашев (1948 туған) |
қазан 1994 |
наурыз 1997 |
белгісіз | Қажыгелдин | ||
Білім және мәдениет министрлігі (наурыз–қазан 1997) | |||||||
1 | Иманғали Тасмағамбетов (1956 туған) |
наурыз 1997 |
қазан 1997 |
белгісіз | Қажыгелдин | ||
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (1997–1999) | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1956 туған) |
қазан 1997 |
қаңтар 1999 |
Партиясыз | Қажыгелдин Балғымбаев | ||
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі (қаңтар-қазан 1999) | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) |
қаңтар 1999 |
қазан 1999 |
Партиясыз | Балғымбаев Тоқаев | ||
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (1999–2003) | |||||||
1 | Алтынбек Сәрсенбайұлы (1956 туған) |
қаңтар 1999 |
мамыр 2001 |
Партиясыз | Балғымбаев Балғымбаев | ||
2 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
мамыр 2001 |
қыркүйек 2003 |
Партиясыз | Балғымбаев Тасмағамбетов Даниал Ахметов | ||
Мәдениет министрлігі (2003–2004) | |||||||
4 | Дүйсен Қасейінов (1974 туған) |
13 қыркүйек 2003 |
24 қыркүйек 2004 |
белгісіз | Даниал Ахметов | ||
Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004–2006) | |||||||
1 | Есетжан Қосубаев (1955 туған) |
24 қыркүйек 2004 |
18 қаңтар 2006 |
белгісіз | Даниал Ахметов | ||
2 | Ермұхамет Ертісбаев (1956 туған) |
18 қаңтар 2006 |
27 наурыз 2006 |
ҚСП | Даниал Ахметов | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2006–2010) | |||||||
1 | Ермұхамет Ертісбаев (1956 туған) |
27 наурыз 2006 |
12 мамыр 2008 |
Нұр Отан | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
2 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
12 мамыр 2008 |
12 наурыз 2010 |
Партиясыз | Мәсімов I | ||
Мәдениет министрлігі (2010–2012) | |||||||
5 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
12 наурыз 2010 |
23 қаңтар 2012 |
Партиясыз | Мәсімов I | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2012–2014) | |||||||
3 | Дархан Мыңбай (1962 туған) |
23 қаңтар 2012 |
16 қаңтар 2013 |
Нұр Отан | Мәсімов I Серік Ахметов | ||
4 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
16 қаңтар 2013 |
13 наурыз 2014 |
Партиясыз | Серік Ахметов | ||
Мәдениет министрлігі (2014) | |||||||
6 | Арыстанбек Мұхамедиұлы (1963 туған) |
13 наурыз 2014 |
6 тамыз 2014 |
белгісіз | Серік Ахметов Мәсімов | ||
Мәдениет және спорт министрлігі (2014-2023) | |||||||
1 | Арыстанбек Мұхамедиұлы (1963 туған) |
6 тамыз 2014 |
17 маусым 2019 |
белгісіз | Мәсімов Сағынтаев үкіметі Мамин | ||
2 | Ақтоты Райымқұлова (1964 туған) |
17 маусым 2019 |
11 қаңтар 2022 |
белгісіз | Мамин | ||
3 | Дәурен Абаев (1979 туған) |
11 қаңтар 2022 |
4 қаңтар 2023 |
Аманат | Смайылов | ||
4 | Асхат Оралов (1990 туған) |
4 қаңтар 2023 |
1 қыркүйек 2023 |
Аманат | Смайылов | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2023 бері) | |||||||
5 | Аида Балаева (1974 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
– | Аманат | Смайылов |
Ақпарат министрліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (1999–2003) | |||||||
1 | Алтынбек Сәрсенбайұлы (1962 туған) |
қаңтар 1999 |
мамыр 2001 |
Партиясыз | Балғымбаев Балғымбаев | ||
2 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1960 туған) |
мамыр 2001 |
қыркүйек 2003 |
Партиясыз | Балғымбаев Тасмағамбетов Даниал Ахметов | ||
Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004–2006) | |||||||
1 | Есетжан Қосубаев (1955 туған) |
24 қыркүйек 2004 |
18 қаңтар 2006 |
белгісіз | Даниал Ахметов | ||
2 | Ермұхамет Ертісбаев (1956 туған) |
18 қаңтар 2006 |
27 наурыз 2006 |
ҚСП | Даниал Ахметов | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2006–2010) | |||||||
1 | Ермұхамет Ертісбаев (1956 туған) |
27 наурыз 2006 |
12 мамыр 2008 |
Нұр Отан | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
2 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1960 туған) |
12 мамыр 2008 |
12 наурыз 2010 |
Партиясыз | Мәсімов I | ||
Байланыс және ақпарат министрлігі (2010–2012) | |||||||
1 | Асқар Жұмағалиев (1972 туған) |
12 наурыз 2010 |
14 қаңтар 2012 |
Партиясыз | Мәсімов I | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2012–2014) | |||||||
3 | Дархан Мыңбай (1962 туған) |
23 қаңтар 2012 |
16 қаңтар 2013 |
Нұр Отан | Мәсімов I Серік Ахметов | ||
4 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1960 туған) |
16 қаңтар 2013 |
13 наурыз 2014 |
Партиясыз | Серік Ахметов | ||
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016–2019) | |||||||
1 | Дәурен Абаев (1979 туған) |
6 мамыр 2016 |
25 ақпан 2019 |
Партиясыз | Мәсімов II Сағынтаев Мамин | ||
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2019–2023) | |||||||
1 | Дәурен Абаев (1979 туған) |
25 ақпан 2019 |
4 мамыр 2020 |
Партиясыз | Мамин | ||
2 | Аида Балаева (1974 туған) |
4 мамыр 2020 |
11 қаңтар 2022 |
Нұр Отан | Мамин Смайылов | ||
3 | Асқар Омаров (1976 туған) |
11 қаңтар 2022 |
2 қыркүйек 2022 |
белгісіз | Смайылов | ||
4 | Дархан Қыдырәлі (1974 туған) |
2 қыркүйек 2022 |
2 қыркүйек 2023 |
Аманат | Смайылов | ||
Мәдениет және ақпарат министрлігі (2023 бері) | |||||||
5 | Аида Балаева (1974 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
– | Аманат | Смайылов |
Мәдениет және ақпарат министрліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Ермұхамет Ертісбаев (1956 туған) |
27 наурыз 2006 |
12 мамыр 2008 |
Нұр Отан | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
2 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
12 мамыр 2008 |
12 наурыз 2010 |
Партиясыз | Мәсімов I | ||
3 | Дархан Мыңбай (1962 туған) |
23 қаңтар 2012 |
16 қаңтар 2013 |
Нұр Отан | Мәсімов I Серік Ахметов | ||
4 | Мұхтар Құл-Мұхаммед (1956 туған) |
16 қаңтар 2013 |
13 наурыз 2014 |
Партиясыз | Серік Ахметов | ||
5 | Аида Балаева (1974 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
– | Аманат | Смайылов Бектенов |
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- ↑ Жаңа 5 министрлік құрылды (қаз.). BAQ.kz (1 қыркүйек 2023). Тексерілді, 6 қыркүйек 2023.
- ↑ Аида Балаева - Мәдениет және ақпарат министрі (қаз.). kazinform (2 қыркүйек 2023). Тексерілді, 10 қыркүйек 2023.
- ↑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- ↑ Министрлік құрылымы