Эдит Вильсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эдит Вильсон
Edith Wilson
Эдит Вильсон
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
18 желтоқсан 1915 жыл — 4 наурыз 1921 жыл
Ізашары Эллен Вильсон
Ізбасары Флоренс Гардинг
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 15 қазан 1872 (1872-10-15)
Виргиния, АҚШ
Қайтыс болуы 28 желтоқсан 1961 (1961-12-28) (89 жас)
Вашингтон, АҚШ
Әкесі Уильям Холкомб Боллинг
Анасы Салли Уайт-Боллинг
Жұбайы Вудро Вильсон
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Эдит Боллинг Гальт Вильсон (ағылш. Edith Bolling Galt Wilson; 15 қазан 187228 желтоқсан 1961) – Америка Құрама Штаттарының президенті Вудро Вильсонның екінші әйелі және 1915-1921 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы. «Құпия президент» лақап ат алған, себебі 1919 жылы күйеуі инсульт алғаннан кейін бүкіл елді өзі басқарды. Кейбірлер оны «АҚШ-тың бірінші әйел-президенті» деп те атайды.

Эдит Вильсонның портреті

Вайтевилл, Виргинияда аймақтық төреші Уильям Холкомб Боллинг пен Салли Уайт Боллингтің отбасында дүниеге келген. Эдит Виргинияның көшпенділердің плантагенеттердің және түпкілікті американдықтардың ұрпағы болды. Оның әкесі жағынан әжесі, Кэтрин Пейн Боллинг Джордж Вашингтонның әйелінің туысы болған. Эдит Виргиниядағы қыздарға арналған дербес мектепте оқыды, содан соң Марта Вашингтонның колледжін бітірді. Әпкесін көруге келген кезде Эдит зергер Норман Гальтті кездестіреді.1896 жылы олар үйленеді. 1903 жылы Эдит дүниеге ұлды әкеледі, алайда ол бірнеше күннен кейін қайтыс болады. 1908 жылы кенеттен Норман Гальт қайтыс болады. 

Вудро Вильсон және Эдит Вильсон

1915 жылы жесір Гальтті АҚШ-тың президенті Вудро Вильсонға Хелен Бонс таныстырды. Хелен президенттің жиені және Эллен Вильсонның қазасынан кейін Ақ үйдің қожайыны болды. Вильсонның таңданысы кейін махаббатқа ауласты. Ол оған «бұл уақыт апта, айлармен немесе жылдармен емес, оқиғалармен есептелінеді» деп, ұсыныс жасады. Неке тойы 1915 жылы 18 желтоқсанда қалыңдықтың Вашингтондағы үйінде өтті. Бұл кішігірім тойда киелі Джеймс Тейлор мен киелі Герберт Скотт Смиттен басқа қырық адам болды. Бал айының екі аптасын жұбайлар Хот-Спрингс, Виргинияда өткізді.

1916 жылы суретші Адольфо Мюллер-Ури (1862-1947) миссис Вильсонның портретін салады. Бұл сурет президенттің бөлмесінде тұрған. 

Өмірінің соңы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1921 жылы Вильсон қызметтен кеткен соң, Эдит күйеуімен Вишингтонда тұрады. Ол оған 1924 жылы қайтыс болғанға дейін қамқор болды.

Эдит Вильсон 1961 жылы 28 желтоқсанда Вудро Вильсонның туылуына 105 жыл толған күні жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Қайтыс болған күні ол Вудро Вильсонның көпірінің ашылу салтанатына барған. Күйеуінің қасында көмілген. 

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]