Лукреция Гарфилд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лукреция Гарфилд
Lucretia Garfield
Лукреция Гарфилд
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1881 жыл — 19 қыркүйек 1881 жыл
Ізашары Люси Хейз
Ізбасары Мэри МакЭльрой
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 19 сәуір 1832 (1832-04-19)
Гарреттсвилль, Огайо, АҚШ
Қайтыс болуы 14 наурыз 1918 (1918-03-14) (85 жас)
Пасадина, Калифорния, АҚШ
Әкесі Зебулон Рудольф
Анасы Арабелла Мейсон-Рудольф
Жұбайы Джеймс Гарфилд
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Лукреция Рудольф-Гарфилд (ағылш. Lucretia Rudolph-Garfield, 19 сәуір 183214 наурыз 1918) – Америка Құрама Штаттарының президенті Джеймс Гарфилдтің әйелі және 1881 жылы АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гарреттсвилтде, Огайо штатында фермер Зембер Рудольф және Арабелла Мейсон-Рудольфтың отбасында дүниеге келді. Кішкентай кезінен бастап «Христтің оқушылары» атты шіркеудің ең діндар мүшесі болды.

Гарфилдтердің балалары (соңғы екеуін есептемегенде)

Лукреция алғаш рет Джеймс Гарфилдті 1849 жылы Честер, Огайо штатында білім алған кезде кездестірді. Жұп 1856 жылы некелеспек болған, алайда тойды бірнеше жылға шегеріп, ақша жинауды жөн көрді. Гарфилд және Рудольф 1858 жылы 11 қарашада қалыңдықтың ата-анасының Хирамда үйленеді. Олардың некесін министр Генри Хитчкок қиды. Бал айынан жас жұбайлар бас тартты. 

Гарфилдтерде төрт ұл және бір қыз болды:

  • Гарри Август Гарфилд (1863-1942) – заңгер, лауазымды тұлға.
  • Джеймс Рудольф Гарфилд (1865-1950) — заңгер, лауазымды тұлға.
  • Мэри Гарфилд Стенли-Браун (1867-1947) — Кливленд пен Коннектикттың жеке мектептерінде білім алды. 1888 жылы Джозеф Стенли-Браунға, банкирге тұрмысқа шықты. Нью-Йоркте тұрды.
  • Ирвин Макдауэлл Гарфилд (1870-1951) — заңгер. Уилльямс колледжің және Колумбиялық құқық мектебін бітірді.
  • Абрам Гарфилд (1872-1958) — архитектор. Уилльямс колледжінің және Массачусесттің технологиялық университетінің түлегі. 

Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Гарфилдтер әулеті

Миссис Гарфилд Бірінші ханымының әлеуметтік міндеттерімен қызықпаса да, ол өз жұмысын адал атқарды және оның қонақжайлылығы Ақ үйдегі кештерді керемет қылды. 49 жасында ол анық қара көзді, қара шашты бәденді, көрікті әйел болды.

Бірінші ханым ретінде Гарфилд Ақ үйдегі жағдайдың тарихын бұрынғы даңқын қайтару үшін зерттеді. Алайда безгекпен ауырып, жобаны жалғастыра алмады.

Джеймс Гарфилдтың өміріне қастаңдық жасалған кезде, Лукреция Лонг-Бренчте демалған еді. Хабарды естіп, ол дереу Вашингтонға оралады. Куәгерлер Лукрецияны нәзік, шаршаңқы, бірақ сабырды сақтауға бел буған әйел ретінде сипаттады. Гарфилд отырған поезд үлкен жылдамдықпен жүргендіктен, мікбасы босанып кетті. Алайда апаттың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кідірістен кейін ол Ақ үйге келіп, тез арада күйеуіне барады.

Президент үш ай бойы өмірі үшін күрескен кезде, Бірінші ханымның қайғысы мен адалдығы елдің құрметін жаулап алды. Күйеуінің қазасы мен жерлеуінен кейін Лукреция Огайодағы фермасына оралады. Сол жерде ол 36 жыл бойы жабық өмір салтын ұстанып, күйеуінің жазбаларын сақтаған. Ол оның жазбаларына үйдің бір бөлігін арнаған.

Өмірінің соңғы жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гарфилд және оның балалары Кир Филдтың арнаулы фондынан бөлінген 350 000 долларға өмір сүрді. Оңтүстік Пасадинде "Greene and Greene" фирмасы жобасын құрған үй салдыртып, сол жерде қысты өткізеді. Лукреция Гарфилд Оңтүстік Пасадинде 1918 жылы 14 наурызда қайтыс болады. Күйеуінің қасында көмілген.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Lucretia Garfield Biography :: National First Ladies' Library Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы.
  2. Lucretia Garfield: Facts, Discussion Forum, and Encyclopedia Article
  3. Lucretia Garfield: Biography from Answers.com
  4. Lucretia Garfield (American first lady) — Britannica Online Encyclopedia
  5. Lucretia Garfield Biography (U.S. First Lady) — Infoplease.com
  6. Lucretia Garfield Biography - Biography.com Мұрағатталған 17 қаңтардың 2010 жылы.