Долли Мэдисон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Долли Мэдисон
Dolley Madison
Долли Мэдисон
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1809 жыл — 4 наурыз 1817 жыл
Ізашары Марта Джефферсон
Ізбасары Элизабет Монро
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 20 мамыр 1768 (1768-05-20)
Нью-Гарден, Солтүстік Каролина, АҚШ
Қайтыс болуы 12 шілде 1849 (1849-07-12) (81 жас)
Вашингтон, АҚШ
Туған кездегі есімі Долли Пэйн
Жұбайы Джон Тодд
Джеймс Мэдисон
Балалары Джон Пэйн Тодд
Уильям Тэмпл Тодд
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Долли Пэйн Тодд Мэдисон (ағылш. Dolley Payne Todd Madison, 20 мамыр 176812 шілде 1849) – Америка Құрама Штаттарының 4-ші президенті Джеймс Мэдисонның әйелі, 1809 және 1817 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші Ханымы.

Долли Мэдисон

Долли 1768 жылы Нью-Гарденда, қазіргі Гилфорд Кантри, Солтүстік Каролина, фермердің отбасында дүниеге келді. Өзінің жасөспірім жылдарын ол Филадельфияда өткізді. 1790 жылдың қаңтарында ол заңгер Джон Тоддқа тұрмысқа шықты. Жұбайларда екі бала болды – Джон Пэйн және Уильям Темпл. 1793 жылы күзде оның күйеуі мен кенже баласы сары безгектен қайтыс болды.

Доллидің екінші жұбайы Джеймс Мэдисон болды. Ол онымен 1794 жылы 17 қыркүйекте некелесті. Оларда бала болған жоқ, бірақ олар бірге Джонды – Доллидің бірінші некеден қалған баласын өсірді. 1801 жылы отбасы Вашингтонға көшеді. Жесір қалған Томас Джефферсонның президентілігі кезінде Долли мемлекеттік хатшының әйелі болған соң Ақ үйдің иесінің рөлін атқарды.

1812 жылы соғыс кезінде Вашингтонды басып алу кезінде Долли Мэдисон Ақ үйдің күмісін және басқа да асыл тастарын Мэрилендтің банкіне жіберіп, сақтап қалды. Долли сақтап қалған заттардың арасында Джордж Вашингтонның суреті де болды.

Долли Мэдисон 1849 жылы 12 шілдеде қайтыс болды. 

  • Allgor, Catherine. A Perfect Union: Dolley Madison and the Creation of the American Nation. New York: Henry Holt, 2005.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]