Өрмекші-адам (фильм, 2002)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Өрмекші-адам
ағылш. Spider-man
Фильмнің постері
Жанры

суперқаһармандар
атыс-шабыс
ғылыми фантастика
драма

Режиссёрі

Сэм Рэйми

Продюсері

Лора Зискин
Йен Брайс

Сценарийдің авторы

Дэвид Кепп

Басты рөлдерде

Тоби Магуайр
Уиллем Дефо
Кирстен Данст
Джеймс Франко

Композиторы

Дэнни Эльфман

Кинокомпания

Columbia Pictures[1]
Marvel Enterprises[2]

Дистрибьютор

Sony Pictures Releasing[1]

Ұзақтығы

121 минут 20 секунд[3]

Бюджеті

$139 миллион[4]

Кассалық түсімі

$825 миллион[5]

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2002

Келесі фильм

Өрмекші-адам 2

IMDb

ID 0145487

http://spiderman.sonypictures.com/

Өрмекші-адам (ағылш. Spider-man) — 2002 жылы жарыққа шыққан, режиссёрі Сэм Рэйми және продюсерлері Лора Зискин мен Йен Брайс болған америкалық суперқаһармандар фильмі. Стив Дитко және Стэн Ли ойлап тапқан Marvel Comicsтың аттас кейіпкеріне негізделген бұл фильм — Өрмекші-адам жайлы бірінші фильм трилогиясының бірінші бөлімі. Фильмдегі басты рөлді сомдаған актёрлер қатарында Тоби Магуайр, Уиллем Дефо, Кирстен Данст және Джеймс Франко бар. Фильм Өрмекші-адамның шығу тегі мен оның ерте суперқаһармандық мансабы жайлы баяндайды. Генетикалық тұрғыдан өзгерген өрмекші шағып алғаннан кейін, жасөспірім Питер Паркер өрмекшіге ұқсас суперқабілеттер алады және олардың көмегімен Нью-Йорк қаласындағы қылмыс пен әділетсіздікке қарсы күреседі.

Өрмекші-адам жайлы фильм әзірлеу 1975 жылы басталды. Фильмді әзірлеумен Тоуб Хупер, Джеймс Кэмерон және Джозеф Зито сияқты түрлі режиссёрлер айналысты. Дегенмен, жобаның әзірленуі лицензиялау мен қаржы мәселелеріне байланысты көптеген қиындық көрді. 25 жыл уақытқа жуық кідіріп қалған бұл процесс 1999 жылы Columbia Picturesтің лицензия алғанынан кейін «қайта тірілді». Түсірілім 2001 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте өтті. Фильмнің музыкасын Дэнни Эльфман жасаған. Сценарийшісі Дэвид Кепп және 2000 жылдан бастап режиссёрі Сэм Рэйми болған бұл фильм бүкіл АҚШ жерінде 2002 жылдың 3 мамырында жарыққа шықты.

Өрмекші-адам — түсімі бір демалыста 100 миллион долларға жеткен алғашқы фильм, сол кездегі санақ бойынша комикске негізделген ең табысты фильм. Дүние жүзі бойынша 825 миллион доллардан асатын касса табысы бар бұл блокбастер 2002 жылдың ең көп табыс әкелген үшінші фильмі, ең көп табыс әкелген суперқаһарман фильмі және шыққан кездегі жалпы табысы бойынша алтыншы фильм болды. Фильм Оскар сыйлығында «Үздік дыбыс» және «Үздік визуалды эффектілер» номинацияларына ие болды, сонымен қатар көптеген басқа марапаттарымен де наградталған. Өрмекші-адам заманауи суперқаһарман жанрын анықтаған фильмдердің қатарына жатқызылады.[6][7][8] Сәтті болған бұл фильмнің кейін екі жалғасы жарық көрді: Өрмекші-адам 2 (2004) және Өрмекші-адам 3 (2007). Магуайр мен Дефо кейінірек мультиғалам идеясын бастаған «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» (2021) фильмінде рөлдеріне «оралды».

Мектеп ұйымдастырған саяхатта Питер Паркер есімді жоғарғы сынып оқушысы досы Хәрри Озборн және махаббаты бар сыныптасы Мэри Джейн Уотсонмен Колумбия университетінің генетикалық зертханасына барады. Онда гендік инженериямен жасалған «супер-өрмекші» Паркерді шағып алды да, ол үйіне оралғанда ауырып қалды. Осы уақытта Хәрридің әкесі, ғалым және Oscorp компаниясының негізін қалаушысы және иесі Норман Озборн маңызды әскери келісімшартты қамтамасыз етуге тырысады. Ол өнімділікті арттыратын химиялық затпен өзіне тәжірибе жасайды, бірақ есінен танып, көмекшісін өлтіреді.

Келесі күні Питер енді көзінің жақсы көретінін және өрмекші сияқты қабілеттерінің бар болғанын білді: енді Паркердің қолынан өрмек атып шығару қабілеті, жылдам рефлекстері, супержылдамдығы, суперкүші және қауіпті алдын-ала сезіну қабілеті пайда болды. Ағасы Беннің «үлкен күшпен үлкен жауапкершілік келеді» деген кеңесін меңсінбей кеткен Питер Мэри Джейнді таң қалдырамын деп көлік сатып алуды қарастырды.

Ақшаны ұтып алу мақсатымен ол күрестен сайысқа қатысады және бірінші ойынында жеңіске жетеді, бірақ алданып қалады да, табысын жоғалтады. Белгісіз біреу Беннің көлігін айдап әкетеді де, оны өлтіреді, Питер көлік тонаушыны қуады, оның ұры екенін біліп, байқаусыздан жіберіп алады. Қашып кеткісі келген ұры терезеден құлап, өледі. Осы уақытта есінен танып қалған Норман Oscorpтың қарсыласы Quest Aerospace компаниясы ұйымдастырған сынақты үзіп, бірнеше адамды өлтіреді.

Оқуды бітіргеннен кейін Питер өзінің қабілеттерін әділетсіздікпен күресу үшін пайдалана бастайды, спандекс костюм-маскасын киген ол Өрмекші-адам тұлғасын ойлап табады. Daily Bugle газетінің баспагері Джей Джона Джеймсон Өрмекші-адамның анық суреттерін бере алатын жалғыз адам болған Питерді штаттан тыс фотограф ретінде жалдайды. Оскорптың кеңесі компанияны Quest-ке сату үшін Озборнды қууды жоспарлап отырғанын білген Норман оларды өлтіреді. Джеймесон жұмбақ өлтірушіні «Жасыл гоблин» деп атап кетеді.

Гоблин Өрмекші-адамға оның жағына көшуін ұсынады, бірақ Питер бас тартады. Олар шайқасады да, нәтижесінде Питер жараланды. Питердің тәтесі Мэй Мэри Джейнді, Хәрриді және Норманды кешкі асқа шақырады. Түскі ас кезінде Норман жараны көріп, Питердің Өрмекші-адам екенін түсінеді. Питерге қарсы жеңудің жалғыз жолы — жақындарына шабуыл жасау екенін түсінген Норман кейінірек Мэйге аяқ астынан шабуыл жасады, тәтесі ауруханаға жатқызылды. Мэй тәтесін ауруханада көргісі келген Питерге Мэри Джейн өзін екі рет құтқарған Өрмекші-адамға деген ғашықтығын мойындайды. Мэри Джейннің жігіті болған Хәрри оның Питердің қолынан ұстап тұрғанын көріп, оған деген сезімі бар деп болжайды. Қатты күйзеліске түскен Хәрри әкесіне Питер Мэри Джейнді жақсы көретінін айтып, байқаусыздан Жасыл гоблинге Өрмекші-адамның ең үлкен әлсіздігін ашады.

Норман Мэри Джейнді және балаларға толы трамвай көлігін кепілде ұстайды. Ол Питерді екеуі арасында таңдау жасауға мәжбүрлеп, екеуін де тастайды. Питер Мэри Джейнді де, трамвай көлігін де құтқарып қалады. Содан кейін Норман оны жақын маңдағы қараусыз қалған ғимаратқа лақтырып, аяусыз ұрып тастайды. Питер шайқас барысында үстемдікке ие болады, Жасыл гоблин өзінің Норман екенін айтып қояды, аяғанын сұрайды, бірақ Өрмекші-адамның білімінсіз Питерді алдын-ала дайындалған планерімен қабырғаға қадап, өлтіруге дайындалады. Өрмекші сезімімен алдын-ала бұл қауіпті сезіп қойған Питер шабуылдан жалтарады, ал планер оның орнына Норманды соғады. Норман Питерге өлмес бұрын Хәрриге өзінің Гоблин екенін айтпағанын сұрайды. Питер Норманның денесін Озборнның үйіне апарады, бірақ Хәрриге тап болады, әкесінің денесін алып келе жатқан Өрмекші-адамды көрген ол оған мылтық татады, бірақ Питер қашып кетеді.

Норманның жерлеу рәсімінде әкесін өлтірген Өрмекші-адам екен деп қателескен Хәрри әкесінің өліміне кек алуға ант етеді. Мэри Джейн Питерге оны жақсы көретінін мойындайды. Алайда Питер жаулары төндіруі мүмкін қауіптен оны қорғау керек деп санайды, сондықтан ол өзінің шынайы сезімдерін жасырып, Мэри Джейнге олар тек дос бола алатынын айтады. Питер кетіп бара жатып, ағасы Беннің сөздерін есіне түсіріп, Өрмекші-адамның жаңа жауапкершілігін қабылдайды.

Рөлдерді сомдағандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өрмекші-адам (2002) фильміндегі басты рөлдерді сомдаған актёрлер

Тоби Магуайр
Питер Паркер кейіпкерін сомдаған Тоби Магуайр
Кирстен Данст
Мэри Джейн Уотсон кейіпкерін сомдаған Кирстен Данст
Джеймс Франко
Хәрри Озборн кейіпкерін сомдаған Джеймс Франко
  • Питер Паркер / Өрмекші-адам рөлін Тоби Магуайр сомдады. Магуайр ойнаған кейіпкер — әлеуметтік жағынан қабілеті нашар, академиялық дарынды жоғарғы сынып оқушысы. Гендік инженерия арқылы өзгертілген өрмекші оны шағып алады, нәтижесінде Паркер өрмекші тәрізді күштерге ие болады, оның ішінде суперкүш, жылдам рефлекс, келе жатқан қауіп жайлы алдын-ала ескертетін «өрмекші сезімі», қабырғаларға өрмелеу және өрмекшілер торын шығару қабілеті бар. Жеке өміріндегі трагедиядан кейін ол өзінің жаңа күштерін игілікке пайдаланамын деген шешім қабылдайды және Өрмекші-адам ретінде қылмыс пен әділетсіздікке қарсы күреседі.
  • Норман Озборн/Жасыл гоблин рөлін Уиллем Дефо сомдады. Дефоның кейіпкері — ғалым және Oscorp компаниясының бас директоры. Озборн өзі шығарған күшейткіш затты өзіне сынап көреді де, тұлғаның қосарлануымен ауырып қалады. Ол кейінірек қаруланған планер және асқабақ суреті бар жарылғыш заттар сияқты озық Oscorp қару-жарақтары мен жабдықтарын қолданатын киім киген зұлымға айналады, БАҚ оның альтер-эгосын «Жасыл гоблин» деп атап кетеді. Гоблиннің онымен жұмыс істеуден бас тартқан Өрмекші-адамға өшпенділігі пайда болады.
  • Мэри Джейн "Эмджэй" Уотсон рөлін Кирстен Данст сомдады. Мэри Джейн Уотсон — алты жасынан бері Питердің махаббаты. Мэри Джейннің қатыгез әкесі бар және ол актриса болуды армандағанымен асханада даяшы болып жұмыс істейді, бұл жұмысын ол жігіті Хәрриден жасырады. Кейінірек оның Питерге деген сезімі оянады, өйткені олар бірге көбірек уақыт өткізеді және оны бірнеше рет құтқарғаннан кейін оның альтер-эгосына да деген сезімі пайда болады.
  • Хәрри Озборн рөлін Джеймс Франко сомдады. Хәрри — Питердің ең жақын досы және пәтерлесі, Мэри Джейннің жігіті және Норманның ұлы, әкесінің Питермен айқын жақындығына қызғанышпен қарайды.
  • Бен аға рөлін Клифф Робертсон сомдады. Бен Паркер — Мэй Паркердің күйеуі және Питердің ағасы, жұмыстан босатылған электрик, жаңа жұмыс іздестіруде. Питер бұрын тоқтатудан бас тартқан ұры оны өлтіреді. Бен ағасы Питерге «Үлкен күшпен үлкен жауапкершілік келеді» деген нақыл сөз қалдырады.
  • Мэй тәте рөлін Розмари Харрис сомдады. Мэй Паркер — Беннің әйелі және Питердің тәтесі.
  • Джей Джона Джеймсон рөлін Джей Кей Симмонс сомдады. Джеймсон — Өрмекші-адамды қылмыскер қылып санайтын қатал босс, Daily Bugle газетінің баспагері.

Режиссёр Сэм Рэймидің әріптесі және жақын досы Брюс Кэмпбелл Паркер қатысатын күрес алаңында диктор ретінде камео жасаған. Рэймидің өзі де камео жасаған, ол күресу үшін аренаға кірген кезде Паркерге попкорн лақтырды. Өрмекші-адам мен Жасыл гоблин арасындағы шайқас кезінде «Өрмекші-адамның» бірігіп жасаушысы Стэн Лидің кейіпкері фильмде жас қызды құлаған қоқыстан ұстап алады, осы арқылы камео жасады.[9]

Алғышарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1980 жылдардың басында Marvel Comics кинопродюсерлермен өздерінің басты кейіпкері Өрмекші-адамды үлкен экранға шығару үшін келіссөздер жүргізді. Өрмекші-адам меншігіне фильмді жасау жобасын бастаған бірінші адам продюсер Роджер Корман бірінші болды. Өрмекші-адамның бірлескен авторы Стэн Лидің жоспарынша фильм Қырғи қабақ соғысы тақырыптарымен байланысты болды және негізгі антагонист ретінде Доктор Сегізаяқ болған бұл сценарий жазуға жіберілді. Жоба Корман мен Ли арасындағы бюджеттік даулардан кейін нәтиже бермеді.[10]

1980–1990 жылдары жоба бір продюсерден басқа продюсерге, лицензиясы бір компаниядан басқа компанияға беріле берді, бірақ Өрмекші-адам бар сценарийдің ешқайсысы да түрлі себептерден фильмге айнала алмады.

1997 жылы «Бэтмен мен Робин» фильмінің сәтсіздігінің себебінен бірде-бір киностудия Өрмекші-адам фильміне қызығушылық танытпады, содан кейін «комикстер балаларға арналған» деген түсінік пайда болып, киностудиялар суперқаһарман жанрына мән бермейтін болды. Дегенмен, 1998 жылы New Line Cinema шығарған Блэйд фильмінің шығуы және 20th Century Fox компаниясының Икс адамдар жайлы фильм бастауы кейбір студияларды Marvel кейіпкерінің фильмді «жүргізе алатынына» сендірді.[11] Марвел 1998 жылы банкроттықтан шығып, Менахем Голанның таңдау мерзімі аяқталғанын және құқықтар оларға қайта оралғанын жариялайды. Содан кейін Marvel фильм құқығын Columbia Pictures компаниясының бас компаниясы Sony Pictures Entertainmentке 7 миллион долларға сатады.[12] Мәміле 1999 жылдың наурыз айында күшіне енді.[13]

Эми Паскальдың режиссер ретінде таңдауы Сэм Рэйми болды.[14] Рэйми режиссёрлігін 2000 жылдың қаңтарында бастады.[15] Ол жас кезінде комикстің жанкүйері болды және оның Өрмекші адамға деген құмарлығы оны жұмысқа алды.[16]

Актёр таңдауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Титулдық рөл үшін режиссёрлер «Кристофер Рив сияқты ерекше бойы ұзын, не сымбатты» емес, аудиториямен байланысы бар болатындай «жүрегі мен жаны» бар актёрді қалайтынын айтқан.[11] Студия Леонардо Ди Каприо, Кіші Фредди Принц, Крис О'Доннелл, Джуд Лоу, Крис Клейн, Юэн Макгрегор, Уэс Бентли және Хит Леджерге қызығушылық танытты.[17][18][19][20][21] Сонымен қатар, актёрлер Скотт Спидмен, Джей Родан және Джеймс Франко да басты рөлге арналған экран сынақтарына қатысты (Франко соңында Хәрри Озборн рөлін алды).[22] 2000 жылдың шілдесінде Питер Паркер/Өрмекші-адам рөліне Тоби Магуайр таңдалды,[23] Рэйми Тоби Магуайрдың Шарапшылар ережесіндегі сомдаған рөлін көріп, оны мүмкін актёрлер қатарында басты нұсқа ретінде көрді. Студия бастапқыда Магуайрды таңдауға тартынбады, бірақ ол өз тыңдаулары арқылы студия басшыларын таң қалдыра алды. Актер екі сиквел үшін жоғары жалақы опцияларымен $3–4 миллион аралығындағы келісімге қол қойды.[23] Дайындалу үшін Магуайр дене шынықтырушы, йога нұсқаушысы, жекпе-жек сарапшысы және альпинизм бойынша сарапшысымен бірге дайындалды, дене бітімін жақсарту үшін бірнеше ай қажет болды.[24] Магуайр өрмекшілерді зерттеп, өрмекші тәрізді қозғалысты имитациялау үшін сым адаммен жұмыс істеді және арнайы диета ұстады.[25][11]

Норман Озборн/Жасыл гоблин рөліне Николас Кейдж, Джейсон Айзекс, Джон Малкович және Билли Боб Торнтон қарастырылды.[26][27][28][29] Уиллем Дефо 2000 жылдың қарашасында Норман Озборн/Жасыл Гоблин рөлін сомдады.[30] Рэйми Дефомен Испанияда фильм түсіріп жатқанда кездесті.[31] Оны Рэймимен жұмыс істеу перспективасы және комикске негізделген фильм түсіру идеясы қызықтырды.[10][32] Дефо ыңғайсыз костюмді киюді өзі талап етті, өйткені оның ойынша каскадёр кейіпкердің қажетті «дене тілін» жеткізе алмайды. 580 бөліктен тұратын костюмді киюге жарты сағат уақыт кетті.[33]

Кейт Босуорт Мэри Джейн Уотсонның рөлі үшін сынаудан өте алмады.[34] Элизабет Бэнкс те рөлге қызығушылық танытты, бірақ продюсер Лора Зискин оның рөл үшін жасы тым үлкен екенін және оның орнына Бетти Брант кейіпкерінің рөлін таңдағанын айтты.[35][36] Кейт Хадсон рөлден бас тартты.[37] Элиза Душку,[38] Мина Сувари және Джейми Кинг те рөлге «тыңдалды».[39] Рэйми Кирстен Данстты таңдамас бұрын, ол Алисия Уиттке қатысуға қызығушылық танытқан болатын. Данст Магуайрдың басты кейіпкер рөліне таңдалғанын білгесін Эмджэй рөліне сынақтан өтуге шешім қабылдады.[40]

Түсірілімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өрмекші-адам түсірілімі 2000 жылдың қарашасында Нью-Йоркте және Sony дыбыс сахналарында басталуы керек еді. Фильм 2001 жылдың қарашасында шығарылымға қойылады деп жоспарланған еді,[23] бірақ продакшнның ұзартылған кестесіне байланысты 2002 жылдың 3 мамырында шығарылым кейінге қалдырылды.[41] Негізгі түсірілім ресми түрде 2001 жылдың 8 қаңтарында Калвер-Сити, Калифорнияда басталды.[42] Сол жылдың 11 қыркүйегінде орын алған лаңкестік актілерден кейін Дүниежүзілік сауда орталығы болған белгілі бір көріністі фильмнен алып тастады, ол қайта түсірілді. Көріністің түпнұсқасы Sony Stock Footage веб-сайтында қолжемтімді.[43] Түсірілім кезінде 45 жастағы құрылысшы Тим Холкомб кранмен соғылған кезде қаза тапты. Сот нәтижесінде Калифорнияның еңбек қауіпсіздігі және денсаулық бөлімі Sony компаниясына $58,805 айыппұл салды.[44] Кирстен Данст жаңбыр астында басымен төмен тұрған Магуайрмен сүйісу көрінісін түсіру мүлдем романтикалық боламағанын, түсірілім кезінде Магуайрдың мұрнына су құйып жатқандықтан дем ала алмай қалғанын айтты.[45] Питер Мэри Джейнді және тамақ науасын ұстап алған көрініс еш компьютерлік графикасыз түсірілген, түсірілім үшін Магуайрдың қолы науаға жабыстырылды, көрініс 16 сағат бойы, 156 дубль көмегімен түсірілген.[46] Сәуірде Өрмекші-адам костюмдерінің төртеуі ұрланды, Sony оларды қайтарғаны үшін $25,000 сыйақы қойды.[47] Олар 18 айдан кейін табылды, киностудияның бұрынғы күзетшісі мен сыбайласы қамауға алынды.[48]

Визуалды эффектілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылдың мамыр айында Джон Дайкстра фильмнің визуалды эффектілеріне жауапты болды.[49] Дайкстра Рэймимен «Сыйлық» (2000) фильмін түсіріп жатқанда тұңғыш таныс болды.[50] Ол Рэймиді трюктарды компьютер көмегімен жасауға көндірді, себебі ретінде физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін айтты. Рэйми өзінің бұрынғы фильмдерінде дәстүрлі визуалды эффектілеріне жақын болды және өндіріс барысында компьютерлерді пайдалану туралы біраз нәрсені үйренді.[16] «Аспандағы балет» деп сипаттаған Өрмекші-адамның ғимараттан ғимаратқа секіруін жоспарлауға Рэйми көп уақыт жұмсады. Рэймидің жоспарында болған бұл трюктерді түсірудің өзі бюджетті өсіргені сонша, бастапқыда жоспарланған 70 миллион доллар 100 миллион долларға айналды.[51] Оған қоса кейіпкерлердің түрлі түсті болғаны оларды жасыл экран алдында түсіруге жол бермеді, сол себептен Өрмекші-адам жасыл экранның алдында болса, жасыл гоблин көк экран алдында болды және екеуінің көріністері жеке түсірілді.[33]

Дайкстраның айтуынша, Өрмекші-адамды жасаудағы болған ең үлкен қиындығы — кейіпкердің бетперде киген кезде бет-әлпет өзгерісінің жоғалуы. Көздің, не ауыздың контекстінсіз, кейіпкердің эмоциясын бетінен емес, денесінің қозғалысы арқылы жеткізу керек болды.[52] Студияның екі басшысына компьютерде жасалған кейіпкердің кадрлары көрсетілгенде, олар бұл шын мәнінде Магуайрдың трюктар жасап жатқанына сеніп қалды.[33] Оған қоса Дайкстра тобының Нью-Йорк қаласының бірнеше аудандарын компьютер арқылы қайта құрып, қаладағы әр көлікті цифрлық модельдерге ауыстыруға тура келді. Рэйми фильмнің анимацияға ұқсап кеткенін қаламады, сондықтан кадрдың ешқайсысы да 100% компьютерде жасалмаған.[53]

Фильмнің жалпы бюджеті $139 миллионға тең болды.[4]

Фильмнің музыкасына жауапты Дэнни Эльфман болды, ол фильмдегі музыканың барлығын да жазған. Өрмекші-адамның саундтрегі дәстүрлі оркестрді, африкалық музыкалық аспаптарды және электронды элементтерді біріктіреді. Фильм саундтрегінде африкалық соқпалы музыкалық аспаптар қолданылу себебі Эльфманның Африкада бір жыл бойы сол жердің музыкасын зерттегені болып келеді.[54]

Өрмекші-адам DVD және VHS форматында 2002 жылдың 1 қарашасында Солтүстік Америка мен Аустралияда және 2002 жылдың 25 қарашасында Ұлыбританияда шығарылды.[55] 7 миллионнан астам DVD көшірмелері шығарылған бірінші күні сатылды.[56] 2022 жылғы жағдай бойынша ол кез келген тікелей эфирдегі фильм үшін бір күндік рекордқа ие.[57]

2006 жылғы жағдай бойынша фильм кассадан және үй бейнелерінен (сату және жалға беру) жалпы $1,5 млрд табыс тапты, сонымен қатар теледидардан (ақылы көрсетілім, эфирлік теледидар және кабельдік теледидар) 880 млн долларды құрады.[58]

Көрермен қабылдауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кассалық түсімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильм үш күнде 100 миллион долларлық түсімге қол жеткізіп, рекорд орнатты.[59] Фильмнің жалпы кассалық түсімі $825 миллионға тең болды.[5]

Сыншы пікірлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Rotten Tomatoes уэб-сайтында фильмге 249 сыншының 90% оң пікір қалдырды, орташа рейтингі — 7,6/10.[60] Metacritic фильмге 38 сыншының негізінде 100-ден 73 балл берді.[61] CinemaScore арқылы сауалнамаға қатысқан көрермендер фильмге A+-тен F-ке дейінгі жүйе бойынша орташа «A−» бағасын берді.[62]

Сиквелдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақалалары: Өрмекші-адам 2 және Өрмекші-адам 3

Продюсері және режиссері Сэм Рэйми болған Өрмекші-адамның екі жалғасы бар: 2004 жылдың 30 маусымында жарыққа шыққан Өрмекші-адам 2 және 2007 жылдың 4 мамырында жарыққа шыққан Өрмекші-адам 3.

Видео ойыны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Spider-Man: The Movie Game

Фильм негізінде аттас видео ойын бар. Ойынды Treyarch әзірледі (тек үй консольдері үшін нұсқасы) және Activision жариялады және 2002 жылы Game Boy Advance, GameCube, Microsoft Windows, PlayStation 2 және Xbox консольдерінде жарыққа шықты. Ойында фильмде болмаған көптеген көріністер мен зұлымдар бар. Екі жылдан кейін екінші фильмнің шығуына жарнама болған Өрмекші-адам 2 шықты. 2007 жылы үшінші фильмді жарнамалау үшін Өрмекші-адам 3 шығарылды. Фильмдегі рөлдерін ойын үшін қайта сомдаған актерлер қатарында тек Тоби Магуайр мен Уиллем Дефо болды. 2007 жылы Spider-Man: Friend or Foe ойыны жарыққа шықты, ойын үш фильм кейіпкерлерін алып, трилогияның канондық емес сюжетімен жүреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b SPIDER-MAN  (ағыл.). AFI CATALOG. Тексерілді, 1 қараша 2023.
  2. GOODRIDGE, Mike Spider-Man (Spider-Man)  (ағыл.). SCREEN DAILY (29 April 2002). Тексерілді, 1 қараша 2023.
  3. SPIDER-MAN  (ағыл.). Тексерілді, 1 қараша 2023.
  4. a b SPIDER-MAN  (ағыл.). Box Office Mojo. Тексерілді, 1 қараша 2023.
  5. a b SPIDER-MAN  (ағыл.). Box Office Mojo. Тексерілді, 1 қараша 2023.
  6. GOLDBERG, Matt 15 Years Later, Sam Raimi’s ‘Spider-Man’ Is Both a Trendsetter and a Throwback  (ағыл.). Collider (3 May 2017). Тексерілді, 3 қараша 2023.
  7. BETANCOURT, David SPIDER-MAN WEEK: The Spidey trailer that changed the game  (ағыл.). The Washington Post (3 May 2014). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  8. MARCUS, Dan Looking Back: Sam Raimi's 'Spider-Man' is Still Definitive 15 Years Later  (ағыл.). firstshowing.com (16 June 2017). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  9. Rowney, Jo-Anne Every Stan Lee cameo in the Marvel movies from Hulk to Deadpool  (ағыл.). Mirror (13 November 2018). Тексерілді, 3 қараша 2023.
  10. a b SAGERS, Aaron 'WE MADE A GOOD LITTLE FILM': ROGER CORMAN'S ORAL HISTORY OF HIS FANTASTIC FOUR  (ағыл.). SYFY WIRE (7 August 2015). Тексерілді, 3 қараша 2023.
  11. a b c VARY, Adam B. ‘Spider-Man’ at 20: How Sam Raimi and Sony Pictures Rescued the Superhero Genre and Changed Hollywood Forever  (ағыл.). Variety. Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  12. SUDHINDRA, Nicole J. S. Marvel’s Superhero Licensing  (ағыл.). Wipo (2012). Тексерілді, 3 қараша 2023.
  13. HILTZIK, Michael A. Studio Rights to Spider-Man Are Untangled  (ағыл.). Los Angeles Times (2 March 1999). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  14. ANDERTON, Ethan Trivia: Chris Columbus Almost Directed 'Spider-Man' Instead Of Sam Raimi  (ағыл.). /film (30 June 2015). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  15. ANDERTON, Ethan Trivia: Chris Columbus Almost Directed 'Spider-Man' Instead Of Sam Raimi  (ағыл.) (30 June 2015). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  16. a b HBO Making-Of Spider-Man (DVD). Sony. 2002.
  17. Columbia name their Spiderman  (ағыл.). The Guardian (1 August 2000). Тексерілді, 3 қараша 2023.
  18. Hughes, David Comic Book Movies — London: Virgin Books, 2003. — Б. 235–241. — ISBN 0-7535-0767-6.
  19. Grover, Ronald Unraveling Spider-Man's Tangled Web"  (ағыл.). Business Week. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  20. FLYNN, Gillian Web Casting  (ағыл.). Entertainment Weekly (11 February 2000). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  21. HOCHMAN, David The Comic-Book Fans Said, No, No, Not Him  (ағыл.). The New York Times (28 April 2002). Тексерілді, 3 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  22. "More From the Spider-Man Casting Front"  (ағыл.). IGN (19 June 2000). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  23. a b c Michael Fleming; Claude Brodesser "Maguire spins 'Spider-Man'"  (ағыл.). Variety (31 July 2000). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  24. "BBC - Films - interview - Sam Raimi"  (ағыл.). BBC.
  25. "Raimi Talks Up Spider-Man, But Still No Goblin"  (ағыл.). IGN (5 October 2000). Тексерілді, 6 қараша 2023.
  26. Ethan Aames Interview: Nicolas Cage on National Treasure  (ағыл.). Cinema Confidential (18 September 2004). Тексерілді, 10 қазан 2007. Мұрағат көшірмесі 16 мамырдың 2011 Wayback Machine мұрағатында
  27. Malkovich Says No To Spidey. Syfy (6 қараша 2000). Тексерілді, 23 қаңтар 2007. Мұрағат көшірмесі 12 қазанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
  28. Jason Isaacs Auditioned for Green Goblin in Sam Raimi's Spider-Man (13 маусым 2017). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  29. Billy Bob Thornton Says He Turned Down Spidey; Won't Wear Funny Hats  (ағыл.). MTV (21 February 2007). Тексерілді, 6 қараша 2023.
  30. More Spider-Man Casting News: Dafoe Is Green Goblin  (ағыл.). IGN (17 November 2000). Мұрағат көшірмесі 18 қазанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
  31. BBC - Films - interview - Willem Dafoe. BBC.
  32. Webbed feat | Interviews | guardian.co.uk Film. The Guardian.
  33. a b c Hughes, David Comic Book Movies — London: Virgin Books, 2003. — Б. 235–241. — ISBN 0-7535-0767-6..
  34. QUINN, David Kate Bosworth Reveals She 'Tanked' Her Audition for 2002's Spider-Man: 'I Was Really Nervous'. People (13 қыркүйек 2019). Тексерілді, 1 қаңтар 2021. Мұрағат көшірмесі 16 қаңтардың 2021 Wayback Machine мұрағатында
  35. MILLER, Julie Elizabeth Banks Reveals Which Superhero-Movie Role She Was "Too Old" For. Fair (22 маусым 2016). Тексерілді, 16 қыркүйек 2021. Мұрағат көшірмесі 23 маусымның 2021 Wayback Machine мұрағатында
  36. Elizabeth Banks Ponders Betty Brant's Future. CHUD.com (19 қазан 2008). Тексерілді, 7 мамыр 2022. Мұрағат көшірмесі 18 қыркүйектің 2021 Wayback Machine мұрағатында
  37. PATTERSON, John Daughter act. The Guardian (12 шілде 2003). Тексерілді, 17 мамыр 2021. Мұрағат көшірмесі 11 қыркүйектің 2014 Wayback Machine мұрағатында
  38. Eliza Dushku. notstarring.com. Мұрағат көшірмесі 24 маусымның 2021 Wayback Machine мұрағатында
  39. Your Spider-Man Casting Update. IGN (4 желтоқсан 2000). Тексерілді, 17 мамыр 2021. Мұрағат көшірмесі 17 мамырдың 2021 Wayback Machine мұрағатында
  40. Actress Paltrow hopes to play Debbie Harry. Reuters (29 наурыз 2007). Тексерілді, 27 сәуір 2007. Мұрағат көшірмесі 27 қазанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
  41. Spider-Man Crawls Into 2002  (ағыл.). IGN (14 September 2000). Мұрағат көшірмесі 22 қаңтардың 2007 Wayback Machine мұрағатында
  42. Greg Dean Schmitz "Greg's Preview – Spider-Man"  (ағыл.). Yahoo!. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  43. Spider Man Twin Tower Trailers Scrapped  (ағыл.). cinema.com (13 September 2001). Тексерілді, 8 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 6 қазанның 2014 Wayback Machine мұрағатында
  44. "Columbia Fined For Safety Violation That Led To Death"  (ағыл.). IMDb (27 August 2001). Мұрағат көшірмесі 29 сәуірдің 2007 Wayback Machine мұрағатында
  45. Hirschberg, Lynn "Kirsten Dunst is in control"  (ағыл.). Wmagazine (12 January 2022). Тексерілді, 8 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 8 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  46. Hooton, Christopher That Spider-Man tray scene wasn’t CGI, took Tobey Maguire 156 takes  (ағыл.). Independent (13 October 2016). Тексерілді, 8 қараша 2023.
  47. "They Took Spidey's Clothes!"  (ағыл.). IMDb (5 April 2001). Үлгі:Waybacjk
  48. Missing superhero suits recovered  (ағыл.). BBC (13 September 2002). Тексерілді, 8 қараша 2023.
  49. "Dykstra to animate Spider-Man"  (ағыл.). IGN (10 May 2000). Мұрағат көшірмесі 19 қаңтардың 2012 Wayback Machine мұрағатында
  50. Hiatt, Brian From ‘Spider-Man’ to ‘Doctor Strange’: How Sam Raimi Conquered the Superhero Multiverse (Again)  (ағыл.). Rolling Stone (30 April 2022). Тексерілді, 8 қараша 2023.
  51. Chris Hewitt, Simon Braund "Spider-Man" — Empire журналы, 2002. — Б. 58–62.
  52. Zonkel, Phillip "Spinning 'Spider-Man's' Visual Effects Web – Former CSULB Student John Dykstra Is Credited with a Great Deal of Computer-Generated Movie Magic" — Press Telegram газеті, 2003.
  53. Worley, Rob "Comics to Film"  (ағыл.). Comic Book Resources (6 March 2002). Мұрағат көшірмесі 29 сәуірдің 2007 Wayback Machine мұрағатында
  54. Spider-Man Original Motion Picture Score  (ағыл.). Мұрағат көшірмесі 16 сәуірдің 2021 Wayback Machine мұрағатында
  55. "Spider-Man DVD Release Date"  (ағыл.). DVDs Release Dates. Мұрағат көшірмесі 20 мамырдың 2018 Wayback Machine мұрағатында
  56. "DVD Sales Trend More Than Hollywood Hype"  (ағыл.). Los Angeles Times (19 November 2022). Мұрағат көшірмесі 25 қарашаның 2021 Wayback Machine мұрағатында
  57. "'Passion' DVD sells 4.1 million in one day"  (ағыл.). today.com (September 2004). Мұрағат көшірмесі 20 ақпанның 2022 Wayback Machine мұрағатында
  58. Botti, Timothy J. Envy of the World: A History of the U.S. Economy & Big Business — Algora Publishing, 2006. — Б. 581. — ISBN 9780875864310. Мұрағат көшірмесі 20 сәуірдің 2021 Wayback Machine мұрағатында
  59. "'Spider-Man' spins magical web on weekend moviegoers"  (ағыл.). Hattiesburg American (6 May 2002). Мұрағат көшірмесі 23 мамырдың 2022 Wayback Machine мұрағатында
  60. Spider-Man. Rotten Tomatoes. Тексерілді, 28 қазан 2023.
  61. Spider-Man. Metacritic. Тексерілді, 24 маусым 2019.
  62. Cinemascore  (ағыл.). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында