New Line Cinema

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
New Line Cinema
Түрі

Еншілес қоғам

Құрылды

1967

Құрушы

Роберт Шайе

Орналасуы

 АҚШ: Лос Анжелес, Калифорния

Саласы

киноөндіріс

Басшы компания

Warner Bros.

Еншілес компания

Fine Line Features

Сайты

www.newline.com

New Line Cinema — америкалық алпауыт кинокомпаниялардың бірі. Бастапқыда тәуелсіз компания болған оны 1993 жылы Тед Тёрнер (Castle Rock-пен бірігіп) сатып алды. Осыдан кейін компания «Turner Broadcasting System» мүшесі болды. Ал 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін WarnerMedia-ға бағынышты. 2008 жылдан бері Warner Bros. киностудиясының бір бөлімі.

1967 жылы Роберт Шейдің бастамасымен құрылған. Қазіргі күні WarnerMedia медиа-корпорациясының еншілес құрылымы. Оның құрамына театралды прокатпен айналысатын бөлім және тәуелсіз киноға мамандандырылған Picturehouse атты бөлім кіреді. Компания «Сақиналар әміршісі», «Хоббит», «Остин Пауэрс», «Блэйд», «Кездесу орны», «Топас және одан әрі топас», «Вязов көшесіндегі сұмдық», «Плутовство», «Өлім үшін айқас», және Джеки Чанның қатысуымен түсірілген — «Разборка в Бронксе», «Бірінші соққы», «Мистер Крутой», «Қарбалас сәт» фильмдерінің өндірісіне тікелей қатынасқан. Компанияның негізін қалағандар — Роберт Шэй және Майкл Линн. Кей жағдайда «New Line Cinema» студиясын «Фредди салған үй» деп атайды. Өйткені «Вязов көшесіндегі сұмдық» фильмі студияны танымал еткен еді.[1].

2008 жылы қаржылық проблемалардың кесірінен компанияны «Warner Bros.» сатып алды[2]. «New Line Cinema» фантастикалық киноға және кең масштабты визуалды әсерлер қажет ететін фильмдерге мамандандырылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]