Әлия Молдағұлованың мемориалды кешені
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8d/%D3%98%D0%BB%D0%B8%D1%8F_%D0%9C%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88_%D0%BA%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D1%96.jpg/270px-%D3%98%D0%BB%D0%B8%D1%8F_%D0%9C%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88_%D0%BA%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D1%96.jpg)
Әлия Молдағұлованың мемориалды кешені — Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, әйгілі мерген Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш. 2005 жылы ашылды.
Әлияның мүсіні қоладан жасалған және гранит тұғырға қойылған, биіктігі — 3,8 метр. Екі жағынан барельеф орнатылған (30,66 х 2,4 метр): сол жақ жартысында ұлы дала бейнесі, көшпенділер рухы бейнеленген, Құрманғазы мен Абылай хан көрсетілген; оң жағында 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтерілістен бастап көптеген қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысын, халқымызды жан-жаққа шашыратқан көріністер ашық бейнеленген.[1]
2008 жылы Астана қаласының 10-жылдық мерейтойына орай мемориалды кешеннің дәлме-дәл көшірмесі Аграрлық университет жанында, Әлия Молдағұлова көшесі мен Жеңіс даңғылы қиылысында орнатылды. Бұл Ақтөбе облысының Астанаға жасаған тартуы болды.[2]
Әлия мүсінінің авторы — Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Барельеф авторы — Ескен Аманжолұлы Сіргебаев.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Нұр-Сұлтанның мәдени және тарихи ескерткіштері — Қазақстан тарихы порталы, 30.07.2021.
- ↑ Астана мерейтойына аймақтардың тартуы — Азаттық радиосы, 25.05.2018.