Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне ескерткіш (Астана)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне ескерткіш, (1995)
қола, гранит.
Астана, Жеңіс даңғылы, 35

Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне ескерткішАстана қаласындағы монументалды кешен.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалық жауынгерлердің бейнесін сомдайтын мүсіндік композиция авторлары — мүсінші Валерий Пирожков, сәулетші Василий Тоскин.[1]

Қоладан жасалған мүсіндердің артындағы гранит қабырғада жан-жағынан «Айбынды жауынгер жерлестеріміздің ерлігіне арналады 1941 1945 Мужеству и доблести воинов-земляков посвящается», ал ортада «Майданға аттанған 9783 әскерилердің 7414-і Отан үшін жан қиды» жазулары жазылған.

Соғыс кезінде бұл өңірде 310-шы, 387-шы және 29-шы (кейіннен 72-шы гвардиялық) атқыш дивизиялары құрылған болатын.[2]

Жергілікті тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіш Жеңіс даңғылы бойында, Қазақ ұлттық өнер университеті жанында орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Елордада Ұлы Отан соғысының батырларына арналған 8 ескерткіш бар — «Егемен Қазақстан», 9.05.2020.
  2. Монументальный комплекс воинам Великой Отечественной войны Мұрағатталған 24 маусымның 2021 жылы. Бірлескен мұражайлар дирекциясы сайтында