Құмар Іргебайұлы Ақсақалов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов (24 тамыз 1965, Ленинск ауылы, Қостанай облысы) — мемлекеттік қайраткер, 1 желтоқсан 2022 жылдан бастап Қостанай облысының әкімі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген болатын. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлі институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
- 1987-1989 Ж.Ж-Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженері болды .
- 1989-1991 ж.ж-Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1991-1992 ж.ж-Қостанай облысы Урицкий ауданы "Маяк" кеңшарының бас инженері .
- 1992-1993 ж.ж-Қостанай облысы Қостанай ауданы "Новоселовка" мемлекеттік шағын кәсіпорынның директоры.
- 1993-1996 ж.ж-Қостанай облысы Қостанай ауданы "Қостанай" ғылыми -өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.
- 1996-1998 ж.ж-Қостанай облысы Меңдіқара ауданының "Север" ұжымшарының төрағасы, "Север" ААҚ президенті.
- 1998-2002 ж.ж-Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.
- 2002-2004 ж.ж-Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
- 2004-2006 ж.ж-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2006-2010 ж.ж-Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 2010-2015 ж.ж-"Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы,"Нұр Отан" партиясының хатшысы.
- 2015-2017 ж.ж-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2011 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
|