Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков
Лауазымы
Ту
Ту
Шымкент қаласының әкімі
Ту
Ту
5 қыркүйек 2023 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Олжас Бектенов
Ізашары Мұрат Әйтенов
Өмірбаяны
Білімі Қазақ мемлекеттік заң университеті
РФ СІМ Дипломатиялық академиясы
Мамандығы заңгер
Дүниеге келуі 8 шілде 1980 (1980-07-08) (43 жас)
Шымкент, Қазақ КСР, КСРО

Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков (8 шілде 1980 жыл, Шымкент) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шымкент қаласының әкімі.

Білімі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.

2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.

2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.

2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы ақпаннан бастап Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.

2023 жылы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]