Қар жамылғысы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/Frischer_neuschnee.jpg/250px-Frischer_neuschnee.jpg)
Қар жамылғысы[1]— жер бетіне жылдың қыс мезгілінде немесе суық күндері кристалл түріндегі қатты атмосфералық жауын-шашын түрі - қар жаууы нәтижесінде қалыптасатын қар қабаты.
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Snow |
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жер шарында жыл сайын 115-126 млн.км²-ге тең келетін аумақты қар жамылғысы басады.
- Таза қардың альбедосы өте жоғары, 90% Күн радиациясын шағылыстырады.
- Қалың қар үстінде температуралық инверсия байқалады.
- Топырақты терең тоңданудан, ал күзде егістікті үсіктен қорғайтын ерекшелігі бар.
- Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-30 см-ден 1 м-ге, кейде одан да жоғары деңгейге көтеріледі
- Таулы аумақтарда қар сызығының биіктігі
- Қоңыржай климат белдеуінде жерасты және беткі сулардың балансын анықтайды.
Қар жамылғысының түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Уақытша қар жамылғысы - жерге түскеннен кейін бірер сағат аралығында еріп кететін қар жамылғысы.
- Тұрақты қар жамылғысы - жер бетінде қыс бойы немесе бірнеше ай, жылдар бойы сақталатын қар жамылғысы.
Қазақстан аумағындағы қар жамылғысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/d5/%D2%9A%D0%B0%D1%80_%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B.jpg/780px-%D2%9A%D0%B0%D1%80_%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B.jpg)
Шартты белгілер:
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/7/77/%D0%A8%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%802.jpg/780px-%D0%A8%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%802.jpg)
- Қар жамылғысының Қазақстан аумағында қалыңдығы 0.1-ден (Үстірт өңірі) 1-1.5 м-ге (таулы аудандарда) дейін жетеді.
- Ерімей жатып қалу мерзімі бір-екі айдан (оңтүстік аудандар) 5-6 айға дейін (солтүстік аудандар, таулы аймақтар) созылуы мүмкін.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5