Қараторғай (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қараторғай
Сипаттамасы
Ұзындығы 284 км
Су алабының
ауданы
15,5 мың км²
Су алабы Торғай өзені
Су ағысы
Бастауы Арғанаты тауының батыс беткейі
Сағасы Торғай өзені
 • Орналасқан жері Арал ауылы тұсы
 • Координаттары 50°07′48″ с. е. 65°12′55″ ш. б. / 50.13000° с. е. 65.21528° ш. б. / 50.13000; 65.21528 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°07′48″ с. е. 65°12′55″ ш. б. / 50.13000° с. е. 65.21528° ш. б. / 50.13000; 65.21528 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігі аумағы және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары

ҚараторғайТорғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігі аумағы және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 284 км, су жиналатын алабы 15,5 мың км2.

Бастауын Арғанаты (Дондығұл) тауының батыс беткейінен алып, Арал ауылы тұсында Торғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғары жоғарғы арнасындағы аласа төбелер арасында 0,2-0,5 км, төменгі ағысында 1-2 км шамасында. Арнасында бірнеше шоңғал табандырық (терраса) бар. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Ағынының 90%-ы көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Негізгі салалары: Бөшке, Бозой, Үлкен Сабасалды, Қайыңды, Сарыторғай, Жыланды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасынан 20 км-дей жоғары жерде 1,93 м3/с.

Арқалық қаласын және кеніштерді сумен қамтамасыз ету мақсатында өзенге су тартқыш орнатылған. Алабы - жайылым, аңғары - шабындық.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5