Торғай (өзен, Шалқартеңіз алабы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Торғай өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 825 км
Су алабының
ауданы
157 000 км²
Су алабы Шалқартеңіз
Су ағысы
Бастауы Жалдама және Қараторғай өзендері
 • Координаттары 50°09′ с. е. 65°15′ ш. б. / 50.150° с. е. 65.250° ш. б. / 50.150; 65.250 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады
 • Координаттары 48°01′12″ с. е. 63°01′55″ ш. б. / 48.02000° с. е. 63.03194° ш. б. / 48.02000; 63.03194 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°01′12″ с. е. 63°01′55″ ш. б. / 48.02000° с. е. 63.03194° ш. б. / 48.02000; 63.03194 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Қостанай, Ақтөбе облыстары
 Басқа мағыналар үшін Торғай деген бетті қараңыз.
 Басқа мағыналар үшін Торғай өзені деген бетті қараңыз.

Торғай — Шалқартеңіз алабындағы өзен. Ұзындығы — 825 км. Су жинау алабы — 157 мың км2.

Қостанай облысындағы Жалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені — 40—60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені — 10— 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45—100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені — 5—10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5—1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады.

Ірі салалары: Ырғыз, Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейек, Қараторғай, Жалдама. Жауын-шашын, ыза суынан толысады.

Жылдық орташа су шығыны Тосын құмы тұсында секундына 10,6 м3. Торғай өзеніне құятын, не одан тарайтын ағыңды өзендердің болуы және көптеген терең иірім қарасулардағы мол су қоры мал шаруашылығын, балық аулау кәсібін дамытуға қолайлы. Өзен жайылмасы шабындық, мал жайылымы. Соңғы кезде Торғай өңіріндегі өзендер суы өнеркәсіптік мақсатта, егін суаруға пайдаланыла бастады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.