Футболдан әлем біріншілігінің мүшелді голдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

2018 жылға дейін әлем чемпионаттарында 2379 гол соғылды. Демек, мүшел голдардың саны 23 (бірінші голды қоса есептесек, 24). Алғашқы голды 1930 жылы 13 шілдеде француз футболшысы Люсьен Лоран Мексика құрамасының қақпасына соқты. Жүзінші гол арада төрт жыл өткен соң соғылды, италиялық Анджело Скьявио АҚШ қақпасына енгізді.

Мыңыншы голды әлем халқы 48 жыл күтті. 1978 жылы нидерландылық Роб Ренсенбринк Шотландияның қақпасына пенальтиді дәл соғып, мыңыншы голдың авторы атанды. Кейінгі жылдары әлем чемпионаттарындағы матчтардың көбеюіне байланысты, 2000-шы гол 2006 жылы-ақ соғылды, авторы швециялық Маркус Алльбак. Жалпы, мүшел голдарға келгенде шведтердің жолы болғыш, мүшел голдардың үшеуі Швеция құұрамасына тиесілі (300, 1400, 2000).

1800-ші гол 2002 жылы АҚШПортугалия матчында соғылды, авторы португалиялық Бету. Арада 12 жыл өткен соң, 2014 жылы да осы екі құрама қайта кездесті. Бұл жолғы матч та мүшел голсыз өтпеді, америкалық Джонс әлем чемпионаттары тарихындағы 2300-ші голды енгізді.

1998 жылы оңтүстік африкалық Пьер Исса француздармен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Бұл — мүшел голдар арасындағы жалғыз ғана автогол.

Мүшел голдар тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
№ гол Автор Матч Жыл Минут
1 Франция Люсьен Лоран Франция—Мексика—4:1 1930 19-мин
100 Италия Анджело Скьявио Италия—АҚШ—7:1 1934 64-мин
200 Швеция Харри Андерссон Швеция—Куба—8:0 1938 89-мин
300 Бразилия Шику Бразилия—Испания—6:1 1950 55-мин
400 Германия Макс Морлок ГФР—Түркия—7:2 1954 77-мин
500 Шотландия Бобби Коллинз Парагвай—Шотландия—3:2 1958 75-мин
600 Югославия Дражан Еркович Югославия—Уругвай—3:1 1962 49-мин
700 Корей Халық Демократиялық Республикасы Пак Сын Дин КХДР—Чили—1:1 1966 88-мин
800 Германия Герд Мюллер ГФР—Болгария—5:2 1970 87-мин
900 Аргентина Эктор Язалде Аргентина—Гаити—4:1 1974 15-мин
1000 Нидерланд Роб Ренсенбринк Нидерланд—Шотландия—2:3 1978 34-мин
1100 КСРО Сергей Балтача КСРО—Жаңа Зеландия—3:0 1982 69-мин
1200 Франция Жан-Пьер Папен Франция—Канада—1:0 1986 78-мин
1300 Англия Гари Линекер Англия—Парагвай—3:0 1986 71-мин
1400 Швеция Джонни Экстрем Швеция—Коста-Рика—1:2 1990 32-мин
1500 Аргентина Клаудио Каниджа Аргентина—Нигерия—2:1 1994 21-мин
1600 Оңтүстік Африка Республикасы Пьер Исса (автогол) Франция—ОАР—3:0 1998 77-мин
1700 Югославия Словодан Комленович АҚШ—Югославия—0:1 1998 4-мин
1800 Португалия Бету Северу АҚШ—Португалия—3:2 2002 39-мин
1900 Италия Кристиан Вьери Корея—Италия—2:1 2002 18-мин
2000 Швеция Маркус Алльбак Швеция—Англия—2:2 2006 51-мин
2100 Мексика Хавьер Эрнандес Франция—Мексика—0:2 2010 64-мин
2200 Нидерланд Арьен Роббен Уругвай—Нидерланд-2:3 2010 73-мин
2300 АҚШ Джермейн Джонс АҚШ—Португалия—2:2 2014 64-мин
2400 Хорватия Лука Модрич Нигерия—Хорватия—0:2 2018 71-мин
2500 Тунис Фахреддин Бен-Юссеф Панама—Тунис—1:2 2018 51-мин