Портал:Қазақ тілі
Мазмұны · Жаңа беттер · Іздеу · Санаттар · Таңдаулы мақалалар · Қауым порталы
Тұлғалар · География · Тарих · Қазақ тілі · Техника · Қоғам · Спорт · Дін · Ғылым
Қазақ тілі порталы
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын:qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.
Дүние жүзінде қазақ тілінде 13 миллионнан артық адам сөйлейді. (толығырақ...)
Таңдаулы мақала
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. (толығырақ...)
Таңдаулы сурет
Сіз білесіз бе?
- Мұхтар Әуезовтың жалғыз ғана «Абай жолы» романында 17 мыңға дейін баратын сөздік қор пайдаланылды.
- Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет «Түркістан Уәлаяты» еді, ал алғашқы журналдың аты — «Айқап».
- Қазақ тілінің алғашқы түсіндірме сөздігі 1959 жылы, алғашқы этимологиялық сөздік 1966 жылы, алғашқы фразеологиялық сөздік 1977 жылы басылып шыққан болатын.
Таңдаулы тұлға
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. (толығырақ...)
Жаңалықтар
- Тіл тазалығы, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу, терминдер мен ұғымдардың аударылуы жайында радиожурналист Оңғар Құраловтың «Біз қалай сөйлейміз?» деп аталатын кітабы шықты. [1]
- Америкалық жазушы Вашингтон Ирвингтің «Рип Ван Уинкл» атты новелласы алғаш рет қазақ тіліне аударылды. [2]
Санаттар
Тіл білімі туралы мақалалар
Тіл бірліктері |
Деңгейлер бойынша |
Теориялық лингвистика: Фонология • Морфология • Синтаксис • Фразеология • Семантика • Прагматика • Когнитивті лингвистика • Генеративтік лингвистика
Дескриптивті лингвистика: Антропологиялық лингвистика • Диахрониялық лингвистика • Эволюциялық лингвистика (салыстырмалы-тарихи тіл білімі • этимология) • Фонетика • Әлеуметтік лингвистика
Қолданбалы лингвистика: Математикалық лингвистика • Лингвистикалық сараптама • Тілдік тестілеу • Аудару ісі • Тіл философиясы • Антропологиялық лингвистика • Нейролингвистика • Психолингвистика • Стилистика
Тағы қараңыз: Жазу • Лингвистика тарихнамасы • Типология • Әлем тілдері
Таңдаулы дәйексөз
Сіз қалай көмектесе аласыз
- Қазақ тілі бойынша жазылуы тиіс мақалалар: Тілашар • Гипофора • Эволюциялық лингвистика
- Қазақ әдебиеті бойынша жазылуы тиіс мақалалар: Қилы заман • Қыран жыры • Қарағанды (роман) • Шырағың сөнбесін • Күнікейдің жазығы • Туған жер (поэма)
- Біріктірілуі тиіс мақалалар: паронимдер+паронимия...