Тіл бірлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тіл бірліктері
Деңгейлер бойынша
Синтаксистік

Лексикалық

Морфемді

Морфонологиялық

Фонологиялық

Тіл бірлігі (тіл единицасы орыс единица языка — тіл жүйесінін кызметі, мағынасы әр түрлі элементтері. Тіл бірлігі жиынтығы тіл жүйесінін денгейлерін жасайды. Мысалы, фонемалар Тіл бірлігі фонемалык денгейді, морфемалар Тіл бірлігі,— морфемалык деңгейді күрайды. Тіл бірлігі үғымы сонымен бірге тіл білімінің әртектес күбылысын кең көлемде карастыратын объектісін білдіреді. Тіл бірлігі карапайым немесе күрделі болуы, материалдык түрғыда көптеген варианттык-инварианттык күрылымда кезде- суі мүмкін. Тіл бірлігінің номинативтік түрі — сөз, коммуникативтік түрі — сөйлем, күрылымдык (материалдык) түрі — фонема, морфема болып табылады. Тіл бірлігі түрлері жөнінде эр түрлі көзкарас бар. Олардын ең көп таралғаны — күрылымдык және функционалдык көзкарастар. Кұрылымдык Тіл бірлігіне (П. Ельмслев бойынша (Дания) әрі карай жіктелмейтін фонема, морфема, семема жатады. Ал функционалдык Тіл бірлігіне (В. Виноградов бойынша (Ресей) номинативтік, коммуникативтік бірліктер жатады. Тіл бірлігі карапайым және күрделі болуы мүмкін. Карапайым түріне өз ішінде жіктелмейтін фонема, морфема, ал күрделі түріне күрделі және туынды сөздер жатады. Тіл бірлігі неғүрлым жалпы түрде үш түрлі катынаста парадигматикалык, синтагм ат икал ы к және иерархиялык катынастарды жасайды.Тіл бірлігі сөйлеу үстінде бір-бірімен киыстырылып, сөйлеу (сөз) бірлігін жасайды. Бірак фонема мен морфема сөйлеу бірлігіне кіре алмайды, ал сөздер Тіл бірлігінің де, сөйлеу бірлігінін де кұрамына кіреді. Тіл бірлігінін кұрамды бөліктері болып табылатын: лексикалык бірлік — негізгі мазмұнының сипаты материалдык, заттык (грамматикалык емес) жеке сөздерден; сөз түрінде көрінетін тіл бірлігінен;фонологиялык бірлік фонемалардан; морфологиялык бірлік — морфемалардан; ритмикалы к бірлік — сөйлеудің (сөздің) ритмикалык мүшелену бірлігінен; фразеологиялык бірлік — идиомалар, лексикаланған сөз тіркестері, тұракты орамдар мен тіркестер- ден Тіл бірлігі ; синтаксистік бірлік — сөйлем мен сөз тіркесінен көрінеді. Негізгі коммуникативтік бірлік — сөйлем болып табылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9