Ордакент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ордакент – шағын қала орны.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған темір жол стансасынан солтүстікке қарай 5–6 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1967 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) барлау жұмыстарын жүргізген. Қала орны диаметрі 100 м болатын сопақша төбе. Шетінің биіктігі 4–5 м, орталық бөлігі 6–7 м-ге дейін. Қазба жұмыстары барысында қолдан жасалған қыш ыдыстар, астық, су сақтайтын үлкен хұмдар, құмыралар, құмғандар, т.б. заттардың сынықтары табылған. Бұл заттарға қарағанда Ордакент біздің заманыздың 1 ғасырында бой көтеріп, 8 ғасырға дейін жеткен, тұрғындары егін егіп, мал шамамен айналысқандығы аңғарылады.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. "Қазақ энциклопедиясы"
  3. Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1