Міртөбе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Міртөбе – ортағасырлық қала.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түркістан облысы Түркістан қаласынан 35 км жерде орналасқан.

1951 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.

Міртөбе 10 мұнаралы дуалмен қоршалған төрт бұрышты алаң, ауданы 45х45 м, биіктігі 5 м. Солтүстік жағы 20 м-дей еңіс. Алаңқайды қоршаған дуалдың биіктігі 3 м. Сауран қаласын сумен қамтамасыз ететін жер асты кәріз жүйесі аршылды. Кәрізді Сауран тұрғындарына жергілікті дінбасылар уәкілі Мір-Араб сыйға тартқан, осыған орай қала Міртөбе деп аталған. Міртөбедегі кәріздің бұлақтары, Васифидің айтуынша, Саураннан бір фарс жерде болған, оның үстінен қамал салынған. Міртөбе 16 – 18 ғасырларға жатады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1