Наурызым қорығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват)
Жалпы мағлұмат
Ауданы191 381 га
Құрылған уақыты30 маусым 1931 жылы
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Сайтыhttps://naurzum.kz/
Орналасуы
51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. / 51.48333; 64.30000 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. / 51.48333; 64.30000 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚостанай облысы
АудандарНауырзым ауданы, Әулиекөл ауданы
Наурызым қорығы (Қазақстан)
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ортаққорда

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығыҚостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.

1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]