Резерват

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Резерват (лат. reservetus — сақталған) — негізгі қорғалатын нысаны табиғи кешен құрауыштарының бірі болып табылатын қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық және т.б.) мен режімі бойынша сараланады: басқарылмайтын Резерват — мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі және басқарылатын Резерват — қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді. Резерваттар Ұлыбританияда, Бирмада, Африка елдерінде бар. Резерватты кейде қорық және қорықша деп атайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6