Жармакөл
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жармакөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 9,8 × 1,6 км |
Ауданы | 12,2 км² |
Орналасуы | |
48°55′39″ с. е. 62°19′07″ ш. б. / 48.92750° с. е. 62.31861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°55′39″ с. е. 62°19′07″ ш. б. / 48.92750° с. е. 62.31861° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы |
Аудан | Ырғыз ауданы |
Жармакөл, Көлжарма – Торғай алабындағы көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Нұра ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы 12,2 км2, ұзындығы 9,8 км, енді жері 1,6 км. Көктемде Торғай суы толыққанда көл өзенмен жалғасып кетеді. Суы тұщы, сәл кермек татиды.
Жағалау сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көл Торғай өзенінің ескі арнасында жатыр. Шығыс жағалауы құмды-жарқабақты. Өзенге қараған бөлігі жайпақ.Жағалауында қамыс, құрақ, т.б. әр түрлі су шөптері өскен. Жармакөлдің жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5