Етістіктің түрлері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең таралған грамматикалық категория.[1]

Етістіктің түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жақсыз етістіктер – өз өзінен болатын, өндірушісіз болатын қимылды немесе күйді білдіретін етістіктер; мұндай етістіктер қолданылған кезде бастауышты қолданылмайды.
  2. Өздік етістіктер - ырықсыз етістіктен басқа, орыс тіліндегі барлық -сь, -ся тұлғалы постфикспен жасалған етістіктер.
  3. Көмекші етістіктер - аналитикалық етістік формалар құрамында пайдаланылатын етістіктер. Сол формалардағы көмекші етістіктер олардың лексикалық мағынасын жояды, бірақ жақ, жекеше-көпше түрі, шақ, т.б. грамматикалық мағыналарын білдіреді (қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр деген етістіктер).
  4. Қимыл қозғалыс етістіктер - қимыл қозғалыс, кеңістікте ауысуды белгілейтін етістіктер (қаз. бару, жүзу, тасу, т.б.).
  5. Екі жақтылы етістіктер - етістіктердің семантикалық-грамматикалық жіктелімінде шектік (орыс. пишу/написал книгу, курю/ выкурил папиросу) және шексіз (орыс. пишет хорошо, много курит) мәнде көрінетін шекті (орыс. свеча догорает/догорела) және шексіз (смеюсь, беседую) динамикалық етістіктер арасындағы аралық топ.
  6. Қос түрді етістіктер - аяқталған және аяқталмаған түрлері омоним болған славян тілдеріндегі етістіктер (қаз. женить, казнить, исследовать, т.б.).
  7. Дефектілі етістіктер - толық емес жіктеудегі, яғни кейбір жіктеу формалар болмайтын етістіктер.
  8. Динамикалық етістіктер - ТЕР- сөздің тура мағынасында қимыл (қаз. кесемін) немесе кейбір өзгерістерге байланысқан процесстерді және оқиғаларды (қаз. кесе сынып қалды) білдіретін етістіктер.
  9. Мол болған етістіктер - осы шақ екі формалары болатын етістіктер. Бір формада инфинитивтегі және осы шақтағы соңғы дауыссыз дыбыстар алмаспайды (орыс. полоскать - полоскает), баска формада алмасады (орыс. полоскать - полощет).
  10. Ингрессивтік етістіктер - қимыл қозғалыстың басталуын белгілейтін істің толык аяқталғанын көрмететін түрі етістіктер (қаз. тілінде ойнай бастау, асыға бастау т.б.).
  11. Себепті етістіктер - қимылға себеп бар деген мағынадағы ауыспалы етістіктер (қаз. суару).
  12. Жанама-сабақты етістіктер - тек қана жанама толықтаушпен пайдаланылатын етістіктер (қаз. көктемге қуанып тұрмын).
  13. Жіктеу етістіктер - бастауышпен пайдаланылатын етістіктер.
  14. Модаль етістіктер - айтылғандарға пікір көрсететін етістіктер (қаз. көсемше + aлy).
  15. Моторлы-еселі етістіктер - бір бағытқа қарай тармақталған, үздіксіз және бір кезде болатын қимылды белгілейтін етістіктер (қаз. жағаға царай жүзу, тағамдарды қалаға тасу, т.б.).
  16. Моторлы-еселі емес етістіктер - бағыт белгісіз, үзілмелі, немесе әр түрлі бағытқа қарай тармақталған қимылды белгілейтін етістіктер (қаз. суда қалқу, тағамдарды пойызбен тасу, т.б.).
  17. Қос емес етістіктер - тиісті түр пара болмайтын аяқталған немесе аяқталмаған түрі етістіктер (орыс. лежать, подпеватъ, посвистывать, т.б.).
  18. Салт етістіктер - толыктауышпен пайдаланылмайтын етістіктер (қаз. отыру, ұйықтау, ауыру, т.б.).
  19. Шекті етістіктер - аяқталатын қимылды белгілейтін динамикалық етістіктер (қаз. кесені сумен толтырып тұрмын/кесені сумен толтырдым). Грамматикадағы шекті де шекті емес те мағынасындағы етістіктің бір тобы (қаз. жазып отырмын/жаздым /жақсы жазады).
  20. Шекті емес етістіктер - аяқталмайтын қимылды белгілейтін динамикалық етістіктер (қаз. күліп отырмын). Грамматикадағы шекті де шекті емес те мағынасындағы етістіктің бір тобы (қаз. жазып отырмын/жаздым/жақсы жазады).
  21. Бір жақты етістіктер - тек қана 3-ші жақта жекеше түрінде пайдаланылатын етістіктер. Жақсыз етістіктерден айырмасы, бір жақты етістіктер бастауышпен пайдаланылады (ағылш. it snows).
  22. Қос етістіктер - бір түр жұпты құрастыратын етістіктер (орыс. делать - сделать).
  23. Сабақты етістіктер - іс-әрекет мағынасы тура толықтауышқа сабақтайтын етістіктер (қаз. балаларды тәрбиелеу, т.б.).
  24. Шала көмекші етістіктер - өзінің лексикалық дербестігін жоғалтпай көмекші қызметін пайдаланылатын етістіктер(қаз. көріну).
  25. Екі валентті етістіктер - Сабақты етістіктер пара-пар.
  26. Екі орынды етістіктер - Сабақты етістіктер пара-пар.
  27. Инхоативтік етістіктер - Ингрессивтік етістіктер қара.
  28. Кем-кетікті етістіктер - Дефектілі етістіктер қара.

Тағы қараныз:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9