Лексикалық мағына

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лексикалық мағыназат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны.

Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты.[1]


Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.[2][3]

Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:

  1. Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
  2. Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
  3. Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
  4. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3