Бөкей хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бөкей хан
Бөкей Нұралыұлы
Лауазымы
Бөкей ордасының 1-ші ханы
1801 — 1815
Ізбасары Шығай хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 12 мамыр 1815 (1815-05-12)
Жерленді Сейіт баба зираты (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы)
Әкесі Нұралы хан
Балалары Әділ сұлтан, Тәуке сұлтан, Жәңгір-Керей хан

Бөкей хан (туған жылы белгісіз — 21.5.1815) — Бөкей ордасының ханы (180115).

Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті. 1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды. 1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Қосымша ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]