Сайып Керей хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сайып Керей хан
Лауазымы
4-Бөкей ордасы ханы
1845 — 1847
Ізашары Жәңгір хан
Ізбасары Бөкей ордасында хандық билік жойылды
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 1830 (1830)
Қайтыс болуы 1847 (1847)
Династия Төрелер
Әкесі Жәңгір хан
Анасы Фатима ханым

Сайып Керей хан (Сахиб Керей;18301847) — Бөкей Ордасының соңғы ханы (1845-1847), Жәңгір ханның (1823-1845) екінші әйелі Фатима ханымнан туған үлкен ұлы әрі мұрагері.

Жас Сайып Керей сұлтан Санкт-Петербургтегі императорлық Паже корпусында оқыды. Жәңгір хан билігінің соңында патша үкіметіне сүйікті ұлы Сайып Керейді өзінің орнына мұрагер етіп тағайындау туралы өтініш жіберді. 1840 жылы Жәңгір хан Ресей императоры Николай Павловичтен Паже корпусында оқығаннан кейін Сайып Керейді хан тағының мұрагері етіп бекітуге келісім алды.

1845 жылы 11 тамызда билігінің 22-жылында Бөкей Ордасының ханы Жәңгір хан қайтыс болды. Оның сүйікті әйелі Фатима, Сахибтің анасы, хан тағын үлкен ұлына беруге тырысып, оны хан ордаға шақырады. Бөкей Ордасын басқару үшін 15 жасар Сайып Керей ханға қамқоршылар кеңесі құрылды. 1845 жылдың күзінде Орынбор генерал-губернаторы В. А. Обручевтің қысымымен Сахиб Керей хан Паже корпусында оқуын жалғастыру үшін Санкт-Петербургке оралып, хан ордадан кетуге мәжбүр болды.

1847 жылы шілдеде патша үкіметі Сайып Керей ханға кінәздік атақ пен Шыңғыс есімін берді, ол өз еліне кетуге рұқсат алды. Санкт-Петербургтен қазақ даласына бара жатқан жолда Сахиб Керей хан кенеттен қайтыс болды. Сайып Керей қайтыс болғаннан кейін Бөкей Ордасындағы хан билігі жойылды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]