Бургундар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бургундар (латынша Burgundі, Burgundіones) — шығыс германдықтар тайпасы. Бургундар з-дың алғашқы ғасырларында Б. Борнхольм аралынан құрлыққа қоныс аударған. 406 жылы Рим империясына қарасты Галлияға баса көктеп кіріп, Рейн өзенінің жағасында алғаш корольдық мемлекет құрды (Орталығы — Вормс қаласы). 437 жылы Аттила басқарған Ғұн ордасы оларды талқандағаннан кейін 457 жылға дейін Ғұндар мемлекетіне тәуелді болды. 457 жылы Бургундар Родано өзенінің атырауын басып алып жаңа корольдік мемлекет құрды (орталығы Леон). Батыс Рим империясы ыдыраған кезде Галлияның көп бөлігін иеленді. Бургундар 6 ғасырдың басында христиан дінін қабылдады. 534 жылы Бургундар корольдігі Франк мемлекетіне қосылғандықтан, халқы француз халқы құрамына еніп, герман тілін ұмытты. Бургундар ертедегі герман халықтарының аса мәдениетті тайпасының бірі. Олардың неміс тілінде жазылған шығармасы — “Нибелунга туралы жыр” Бургундардың алғашқы корольдігі (406 — 457) тұсындағы оқиғалар туралы жырлайды. Бұл жырдың әр түрлі нұсқасы, көптеген бөліктері бар. Мысалы: “Хилдебранд туралы жыр”, “Зигфрид батыр туралы жыр”, “Берндік Дитрих”, “Равен шайқасы”, т.б. жоқтаулар. Осындай туындылардағы кейіпкерлер Гибехе — Бургундия корольдігінің негізін қалаушы Гуптер — оның баласы, ғұндармен болған шайқаста қаза табады. Ал, оның қызы Кримхилда ғұн королі Аттилаға тұрмысқа шығады. Бургундар шығармалары сол кездегі тарихи оқиғалар мен тұлғаларды дәл жеткізуімен маңызды. Сондай-ақ, ғұн королі Аттила бейнесі тамаша жырланған. Нибелунга туралы жырлар соңғы кездегі тарихи және әдеби шығармаларға негіз болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том