Байрактар тактикалық UAS

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Bayraktar (Bayraktar TB1)
Түрік әуе күштері Байрактар TB2
Түрік әуе күштері Байрактар TB2
Түрі

Орташа биіктікте ұзаққа шыдайтын ұшқышсыз ұшу аппараты

Өндірушісі

Kale-Baykar

Мемлекеті

 Түркия

Алғашқы ұшуы

2009

Қолданысқа енгізілуі

2014

Статусы

Сервисте

Негізгі эксплуатанттары

Түрік әуе күштері

Өндірілген бірліктері

80 [1]

Базалық моделі

Bayraktar Mini UAV

Нұсқалары

Bayraktar TB2

Байрактар ​​Тактикалық UAS (ағылш. Bayraktar Tactical UAS, немесе Bayraktar TB1) — бақылаушы және барлаушы ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (UAV) болып, ол әуелде Түрік қарулы күштері үшін жасалған болатын. Оны Kale Group пен Baykar Technologies бірлескен кәсіпорны - Kale-Baykar 2009 жылы дамытты. Байрактар ​​Тактикалық UAS (Bayraktar TB1) негізінде 2014 жылы Bayraktar TB2 жаңа моделі дамытылды.

2014 жылы Bayraktar төзімділігі мен биіктігі бойынша ​​Түркияның ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарының (UAV) ұлттық рекордын жасады. [2][3] Ол автономды ұшу төзімділігі рекордын 2014 жылдың 5 тамызында 5486.4м биіктікте 24 сағат 34 минут ұшқан кезде жасады. Сондай-ақ, 2014 жылдың 14 маусымында ол өзінің толық жүктемемен ұшуында ең жоғарғы биіктік 8238.744м-ді тіркеді.[4] Ал, 2015 жылдың желтоқсан айында Bayraktar TB2 дроны ROKETSAN өндірген MAM-L Мини Ақылды Оқ 100% дәлдікпен атуды сәтті көрсетті.[5]

Түрік Қарулы Күштері Байрактарды TAI Anka UAV-ға бәсекелес болуына жол бермеу үшін оны "Тактикалық UAV" санатына жатады деп сипаттаса, халықаралық стандарттар оны орташа биіктікте ұзаққа шыдайтын UAV ретінде жіктеді.[6][7] Іштен жану қозғалтқышымен жұмыс жасайтын, 650 кг MTOW платформасымен және 12 метрлік қанат жаймасы платформасымен Байрактар ​​6858 м биікте ұша алады, әрі әуеде 24 сағаттан артық жүре алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]