Түрік қарулы күштері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Түрік қарулы күштері
Türk Silahlı Kuvvetleri
Күштер тараулары Kkbrove yeni.jpg
Turkish Air Forces.gif
TurkishNavySeal.gif
Түрік жандармериясы
Turkish Coast Guard Logo.jpg
Басшылық
Түрік бас штабының басшысы Hulusi Akar
Әскери қызметі
Әскери қызмет жасы 20
Әскери қызметке шақыруы 6-дан 15 айға шейін, жағдайға байланысты
Әскери қызметке
қатынаушылар
21,756,323 (2008 est.)[1], жасы 20-49
Әскери қызметке
жарайтындар
23,043,550 (2008 ж. бағалау)[1], жасы 20-49
Шақыруға жасы жеткендер,
жыл сайын
белгісіз
Белсенді құрамы 622,850 (6-ші)
Қор құрамы 380,000 (7-ші)
Шығындары
Бюджеті $15.936 миллиард (2006 ж. бағалау)[2] (15-ші орында)
ЖІӨ пайызы 3.0% (2006 ж. бағалау)[2]
Қатысты баптар
Тарихы Түркияның әскери тарихы

Түрік қарулы күштері (ТҚК) (түр. Türk Silahlı Kuvvetleri немесе TSK) — Түрік республикасының Түрік армиясынан, Түрік әскери теңіз күштерінен (оған теңіз авиациясы мен теңіз жаяу әскері кіреді) және Түрік әскери әуе күштерінен тұрады. Түрік жандармериясы және Түрік жағалау қарауылы бейбітшілік кезеңде ішкі қауіпсіздікті сақтау міндетін атқарып, түрік ішкі істер министріне бағынады. Соғыс кезінде болса олар армия мен флотқа бағынады. Екеуінің де заңдылықты қорғау және әскери міндеттері бар.

2006 жылғы тамыздың 28-нен бері Түрік қарулы күштері Бас штабының басшысы болып генерал Яшар Бүйүканыт қызмет атқарып келеді.

1952 жылғы ақпанның 18-інде НАТО әскери одағының мүшелігіне қабылданғалы бері Түркия Республикасы өзінің қарулы күштерін жаппай модернизациялау бағдарламасын бастады. 1980-ші жылдардың аяғында екінші қайта құру үрдісі басталды.

Әскери қызметшілерінің жалпы саны 1 054 750 адамға[3] жететін ТҚК саны жағынан НАТО-да екінші орында (Құрама Штаттардан кейін)[3][4][5] Қазіргі кезде Кипрдың солтүстігінде 36 700 әскер орналастырылған.

Еуропалық Одақ ресмилерінің айтуынша, Түрік қарулы күштерінің Еуроодақтың әскери құрылымдарына қосылуы Еуроодақтың нағыз ғаламдық күш және супердержаваға айналуына септігін тигізеді[6]. NATO officials also state that the modern day Turkish Armed Forces are "very experienced and well-trained"[6].

Түркия республикасының негізі қалануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түрік әскері Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құлаған Османлы империясының әскери күштерінің қалдықтарынан бастау алады. Мұстафа Кемаль Ататүріктің бастауымен пайда болған түрік ұлтшылдығының ықпалымен Түрік тәуелсіздік соғысында жеңіске жетіп, Түркия республикасы жарияланып, Түрік әскері ұйымдастырылды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Түркия бейтараптылықты ұстанып, соғысып жатқан екі жақтан да бірдей дәрежеде алшақ болуға тырысты. 1943 жылы өткен Екінші Қаһира конференциясында Франклин Рузевельт, Уинстон Черчилль және Ісмет Інөнү Түркияның одақтастарға қосатын үлесі туралы келіссөз жүргізіп, Түркия өзінің бейтараптылығын сақтай беруге, осы арқылы Германия және оның одақтастарының Таяу Шығыстағы мұнай қорларына қол жеткізулеріне кедергі болуға тиіс деп келісті. Түркия Германия және оның одақтастарымен әскери қақтығысқа еш түспесе де, соғыс бойы түрік қарулы күштері тойтарыс беруге дайындық жағдайында болып өтті.

Суық соғыс кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1950 жылдардың басында Түркия Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше елі ретінде қатысты. 731 адам шығынына ұшырады.

Түркия 1952 жылғы ақпанның 18-інде НАТО мүшесі болып, өзінің қарулы күштерін модернизациялай бастады.

1974 жылы шілде айында Түрік қарулы күштері Кипрде EOKA-B ұйымдастырған және Никос Сампсон жетелеген, демократиялық жолмен сайланған президент Макариосты орнынан қуған және Грекия мен Кипрдың арасында саяси бірлік орнатуды мақса етіп қойған әскери путчты басуға қатысты. Ол путч Афиныдағы билік басындағы әскери хунтаның қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Кипрдегі текетірес 1974 жылдың тамызына дейін жалғасып, аралдың іс жүзінде екі бөлікке: солтүстігіндегі түрік және оңтүстігіндегі грек бөліктеріне бөлінуімен аяқталды. Түркия әлі де Кипрде өз әскерлерін сақтап келеді, себебі бұл мәселенің саяси шешілуінің әлі де ауылы алыс, ал түрік кипр халқының көптеген мүшелері 1963-1974 жылдар арасында болған грек киприоттармен болған қақтығыстардың қайталануынан қауіптенеді.[7][8] 2004 жылы ұсынылған Кипрді біріктіруді мақсат етіп қоятын Аннан жоспарын түріктер қабылдады, бірақ гректер арал халқының 1/5-ін ғана құрайтын түріктерге тым көп жеңілдіктер береді деген уәжбен қабылдамай тастады.

Модернизация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1980-ші жылдардың соңына қарай Түрік қарулы күштерінде қайта құру және модернизация үрдісі басталды, ол әлі де жалғасуда. Түркияның бұндағы мақсаты — әскери құрал-жабдықтарды өзі шығара алатындай болып, әскери технологияларды барынша көп тәуелсіздікке қол жеткізу.

Қызметтері және қорғаныс доктринасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Genelkurmay, Ankara

Түркия өте маңызды және қақтығыстары мол, түрлі-түрлі саяси режимдері, экономикалық жүйелері және әскери қуатты мемлекеттер орналасқан аймақта орналасқан. Түркияның Қара, Эгей және Жерорта теңіздерімен, Балқан түбегі, Кавказ, және Таяу Шығыс секілді аймақтармен шектесетін стратегиялық маңызы жоғары жерде, Еуропа, Азия және Африка құрлықтарының халықаралық геостратегиялық сызықтары және жолдары тоғысатын жерде орналасқан. Түрік бұғаздарын өз бақылауында ұстап тұрған Түркияның Суец каналын да өз бақылауына алуға, яғни бүкіл аймақтағы теңіз қатынасына әсер етуге қауқары жетеді.

Еуропадан Таяу Шығыстың орасан зор энергия қорларына апаратын жол Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Анатолия арқылы өтеді. Түркиямен көршілес аймақтарда көптеген түбегейлі өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістермен бірге жаңа қауіп-қатерлер де келуі мүмкін. Түркияның байсалды саясаты мен қуатты әскери күші бүкіл аймақтың тұрақтылығына оң әсерін тигізуде.

Осы белгісіздіктің жағдайында Түркияның қауіпсіздігіне тек қана түрлі режимдер мен әскери күштер ғана емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздықтар, шекара даулары, билікке талас және лаңкестік те қатер төндіреді деп саналады.

Аймақтық дағдарыстарға тойтарыс берумен бірге Түрік қарулы күштері саяси билік орындарының шешімімен жаһандық бейбітшілікке төнген қауіпкеде тойтарыс беруге дайын болуға тиіс.

Ататүрік жариялаған «Елде тыныштық, жаһанда тыныштық» қағидасын қатаң ұстанатын Түрік Республикасының Қарулы күштері басқыншылық әрекеттерден үзілді-кесілді бас тартады, бірақ түрік мемлекетінің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне, түрік ұлтының ар-намысына қатер төнген жағдайларда әрекет етуге дайын. Түркия қатысатын мемлекеттік ұйымдармен бірге де солай етуге дайын.

НАТО одағының мүшесі ретінде Түркия республикасы өзінің одақтастарына әскери көмек беруге және ғаламдық бейбітшілікті қорғауға дайын. Түркия НАТО елдерімен бірге қорғаныс саласында ынтымақтастық жасасып, қарусыздану және қаруды бақылау астына алу бастамаларын қолдайды. Түркия ешқандай елдің қауіпсіздігіне нұқсан келмеуі үшін ғаламдық қарусызданудың тиімді бақылау тетіктерін ұйымдастыруды қолдайды.

Көптеген дау-жанжалдарға толы аймақта орналасқан Түркия НАТО-ның қорғаныс тізбегінің бір ұшы ретінде қуатты ұлттық қорғаныс қабілетіне және кез келген қатерге тойтарыс бере алатын қуатты әскерге ие болуы өте маңызды.

Түркия республикасының Қарулы күштері әскер, әскери теңіз флоты және әскери әуе күштерінен тұрады. Жандармерияның бас басшылығы және Жағалау қорғанысының басшылығы бейбітшілік кезінде ішкі қауіпсіздік қызметтерінің бөлігі ретінде қызмет етеді, ал соғыс кезінде тиісінше құрлық және теңіз күштерінің басшылығына бағынады.

Бас штабтың басшысы әскери күштердің қолбасшысы болып табылады. Соғыс кезінде ол Президенттің атынан Бас қолбасшы қызметін атқарады. Қарулы күштерді басқару, әскерді жабдықтау, дайындау, ұйымдастыру, операциялар, барлау жұмыстарын өткізу — Бас штабтың құзырында. Сонымен бірге түрік Бас штабы Түрік қарулы күштерінің НАТО мүшелерімен және басқа да достас елдермен байланыстар жүргізеді.

Тармақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түрік қарулы күштері бес тармақтан тұрады:

Түрік құрлық әскері
Түрік құрлық әскері
Толық мақаласы: Түрік құрлық әскері

Түрік құрлық әскері дүние жүзіндегі ең үлкен әскерлердің бірі және НАТО мүшелерінің арасында екінші орында.[4][5] Түрік әскері қысқа мерзімнің ішінде 50 000 адамдық әскери құраманы бірлескен операция өткізуге жібере алады.[9] Әскер күн-түні бірден алты батальоннан жібере отырып әуе арқылы шабуыл операцияларын жүргізе алады.[9]

Әскери әуе күштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Түрік әскери әуе күштері
Түрік әскери әуе күштері

Түрік әскери әуе күштері дүниедегі ең алғашқы ұйымдастырылған әскери әуе күштерінің бірі. Оның әуе флоты НАТО әскерлерінің ішіндегі ең үлкендерінің бірі. Оның тарихында көптеген әуе шеберлері Түрік әскери әуе күштерінде қызмет еткен, соның дүниедегі ең алғашқы жойғыш ұшақтың ұшқышы Сабиха Гөкчен. Әуеде жанармай толтыру ұшақтарымен жабдықталған ТүӘӘК кез келген құрлықта операциялар мен жаттығуларға қатысып, базаларына қайтып келе алады.

Әскери теңіз флоты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Түрік әскери теңіз флоты
Түрік әскери теңіз флоты

Түрік әскери теңіз флоты ғасырлар бойы Жерорта теңізіндегі ең қуатты теңіз күштерінің бірі болып келді. Қосымша кемелерінің көмегімен Түрік әскери теңіз флоты дүниенің кез келген мұхиты немесе теңізінде операциялар немесе жаттығулар өткізе алады. Сүңгуір қайықтары 15 000 теңіз милясы қашықтығына сапар шегіп, өз тұрақты базаларына қайтып келе алады.

Жандармерия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Түрік жандармериясы

Түрік жандармериясы жай полиция күштерінің құзырынан тыс аймақтарда заңдылық пен тәртіп сақтаумен айналысады.

Жағалау қорғанысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Түрік жағалау қорғанысы
Түрік жағалау қорғанысы

Түрік жағалау қорғанысы түрік территориялық суларында заңдылық пен тәртіп сақтаумен айналысады.

Қарулы күштердің Түркия саясатында атқаратын ролі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұстафа Кемал Ататүрік 1923 жылы қазіргі зайырлы Түрік Республикасының негізін қалағалы бері Түрік қарулы күштері өзін ресми идеологияның, кемализмнің сақтаушысы ретінде қарастырып келді. ТҚК қазіргі таңда да түрік саясатына және түрік ұлттық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерде зор ықпалға ие.

Қарулы күштер бірнеше рет саясатқа араласқан. Тіпті 20-шы ғасырдың екінші жартысында бірнеше рет билікті өз қолына алып отырған. Ол 1960, 1971 және 1980 жылдары мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырды. 1997 жылы исламшыл бас министр Нежмеддин Ербаканның билік басынан кетуге мәжбүр етті.[10]

2007 жылғы сәуірдің 27-сінде, 2007 жылы қарашаның 4-інде болуға тиіс президент сайлауының қарсаңында әскер өзінің көзқарасын білдіретін мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемеде әскер өзінің зайырлы мемлекетті қолдайтынын, исламшылдықтың Түркия Республикасының зайырлы жүйесіне және Мұстафа Кемал Ататүріктің берген бағытына қарсы деп санайтынын білдірді. Әскердің мәлімдемесінің соңында Түрік Атазаңының зайырлы бағыты өзгертілер жағдайда араласуға дайын екені туралы ескерту және «Түрік қарулы күштері Түркия Республикасының бағыт-бағдарын қорғайтын заңдардың негізінде өздерінің міндеттерін орындаудан жалтармайды» - деп айтылды.[11]

Гуманитарлық көмек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түрік қарулы күштері табиғи апат орын алғанда көмек жұмыстарын жүргізе алады. 1999 жылы Түркияның Мармара аймағындағы Ізміт зілзаласынан кейін көптеген жұмыстарды атқарды. Түрік әскери әуе күштері дүниенің кез келген нүктесінде төрт батальондық құрама жіберіп көмектесе алады.


Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер мен түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бұл мақалада Түрік қарулы күштерінің ақпараты қолданылған website Мұрағатталған 10 қарашаның 2008 жылы., қоғамдық қазына.

Сыртқы сільемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Military of Turkey

Үлгі:Military of Europe Үлгі:Black Sea Naval Co-operation Task Group (BLACKSEAFOR) Үлгі:Turkey-related topics