Ашина Мише шад

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ашина Мише шад
Лауазымы
Батыс Түрік қағанатының 13-ші қағаны
657 — 662
Ізашары Ашина Дучжы қаған
Ізбасары Ашина Юанькин шад
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 662 (0662)
Династия Ашина
Балалары Ашина Юанькин шад

Ашина Мише шад — 657 жылдан 662 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

645 жылы ол Тай-цзунның Когурё еліне қарсы жорығына қатысты. Қолында іс жүзінде билік болмаған ол Тан елінің қолшақпары болды. Нушеби ханы Ашина Бучжень-шад Мишеның бауыры бола тұра, оған қызғанышпен қарап, нушебиліктерді оған қарсы айдап салды. Мише қолынан ешнәрсе келмейді деп шешіп, чуюэ мен чумиді ертіп Қытайға кетті. Қытайда оған әскери шен берілді. Тан Гао-цзунның Когурёмен соғысы кезінде, Мише майданда ерлік көрсетіп Бои атағын иемденді. Осылайша оның шені өсті. Ышбара Жағбу ханмен Қытай жағында соғысқан. Адалдығы үшін дулулардың ханы болып тағайындалды. Десе де ол онсызда түріктердің заңы бойынша ханның мұрагері еді. 657 жылы император Мишеге байрақ пен грамота жіберді. Құжатта оның қаған болып тағайындалғаны айтылды. Мишенің қиын жағдайдан елді алып шығар қабілеті мен абыройы болмады. Мише Тоқарстанға шауып Шуанхэ өзенінде тәуелсіз Юкук Ирбис-Дулу ханның ұлы Дженчу ханды талқандады. Сиюде қашғарлық Сыгйедуманьның көтерілісі басталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]