Амрак қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Амрак қаған
Лауазымы
Түркі қағанатының 5-ші қағаны
581 — 581
Ізашары Тобо қаған
Ізбасары Баға Ышбара қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі Белгісіз
Қайтыс болуы 581 (0581)
Династия Ашина
Әкесі Тобо қаған

Амрак қаған ( қытайша: 阿史那庵逻 (ashinaanluo) - Яньло; жеке аты қытайша: 庵逻 — Ашина Аньло) — Тобо қағанның ұлы, Түрік қағанатының (Көк түріктері) 581 жылдан билік еткен 5-ші қағаны.

Ол Тобо қағанның ұлы. Қайтыс боларының алдында әкесі Амрактың немере ағасы Төременді таққа отырғызуды аманаттаған. Алайда Далобянь (Төремен, Мұқан қағанның кіші жұбайынан) тегі төмен дәрежелі деп саналып, ақсүйек қауымы оны қаған болуға лайықсыз деп тапты. Шетудің (Баға Ышбар қаған) қысымымен олар Амракты қаған етіп сайлады. Төремен жаңа сайланған қағанды орнынан түсіріп, тақты иеленуді көздеді. Ал оның қызметшілері қағанды көпшіліктің көзінше балағаттап, жазасыз қалып жатты. Түрік ақсүйектерінің жиынында ержүрек әрі батыл Шетуді қаған сайлауға шешім қабылданды. Төремен Апа-хан деген лауазым алып солтүстікке кетіп қалды. Шету Баға Ышбар қаған атанды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Bauer Susan Wise The History of the Medieval World: From the Conversion of Constantine to the First Crusade — W. W. Norton & Company, 2010. — P. 238. — ISBN 978-0-393-05975-5.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]