Windows 98

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Windows 98
Windows 98 logo.svg
Windows98.png
Screenshot of Windows 98
Жасаушы

Microsoft

ОЖ отбасысы

Microsoft Windows

Операциялық жүйенің ядросы

Monolithic kernel

Лицензиясы

Microsoft EULA

Жағдайы

{{{Жағдайы}}}

Windows 98 (кодтаулы аты Memphis) — Microsoft корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан компьютерлерге арналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7.1 негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім.

Windows 98 логотипі

Дамытылған AGP жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2.5-тегі дей Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған.

Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыруға керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16 Мб ОЗУ және қатті дискті қосымш 195 Мб бос орын қажет етеді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Windows 98 Windows 98 архитектурасы мынадай элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір бөлікке жауап береді. Жүйелік виртуалды машина (system virtual mashine-vm) Windows 98 32-разрядты Windows қосымшаларымен, қолданушсы бар интерфейсті қамтамассызететін бағдарламамен және 16- разрядты Windows қосымшаларымен қолданылады. Бұл компонент жоқ болғанда қосымшалардың қосылуы мүмкін емес еді. MS DOS қосымшалары MS DOS виртуалды машина шегінде орындалатындықтан, жүйелі виртуалды машинаны қолданбайды. Бұл Windows қосымшаларын және операциялық жүйенің өзін MS DOS бағдарламаларын орындауда мүмкін болатын қателерден сақтау үшін жасалған. Windows API (application Programming Interface – қосымшаларды бағдарлау интерфейсі) қосымшаларға файлды жүйе сияқты Windows ішкі компоненттерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Windows кез келген компоненттерінің функцияларына өту сәйкес API арқылы жүзеге асатындықтан Windows қосымшаларын API қолданбай жазу мүмкін емес еді. Windows 98-ге екі бағдарламалы интерфейс қосылған: Winl6 API,Win 32 API. Winl6 API Windows 3.x қосымшаларымен сәйкестікті қамтамассыз ету үшін қолданылады және операциялық жүйенің әр түрлі компоненттеріне ену үшін 16-разрядты қосымшалармен шақырылатын функциялар жиынынан тұрады. Windows 3.х- та қолданылатын стандартты Winl6 API- мен салыстырғанда Windows 98-дегі Winl6 API драйверлерге өту әдістері мен басқа төмен деңгейлі компоненттері модификацияланған. Барық 32- разрядты Windows қосымшалары Win 32 API қолданады. Төмен деңгейлі компоненттер (Base System)- операциялық жүйенің жұмысына жауап беретін қызметтер жиыны. Windows 98 төмен деңгейлі компоненттерінің кейбір қасиеттері: Файлдармен басқарудың ішкі жүйесі (File Management Subsystem). Бұл компонент қосымшаларға әр түрлі типті компьютерге қосылған ақпаратты сақтау құралдарына енуге қамтамассыз етеді (мысалы, қатты дискіге немесе компакт-дискілерге). Қосылудың қандай әдісі екені бәрі бір: құрылғы компьютерге жергілікті немесе желі бойынша қосылуы мүмкін. Желілі компоненттер. Windows 98 желілік мүмкіндіктері алдыңғыларымен салыстырғанда әлдеқайда жақсартылған. Windows 98 негізінде Microsoft біррангілі желілерді ғана емес, одан артық жасауға болады. Бұл операциялық жүйенің құрамына әлдеқайда кең желілік операциялық жүйелерді қабылдайтын құрылғылар енгізілген. Әр типті желілерді қамтамассыз етуге жауапты компоненттер сақталған режимде орындалады, бұл желілік операцияларды орындаудың ең жоғары сенімділігіне жауап береді. Сонымен қатар, Windows 98-де желінің бірнеше типтерімен қатар жұмыс істеуге болады. Windows 98-дің желілік компоненттерінің модульді табиғаты бағдарламаық қамтамассыз етудің тәуелсіз өндірушілеріне қосалқы функционалды мүмкіндіктерді виртуалды драйверлер (VxD) түрінде жасауға мүмкіндік береді. Операциялық жүйенің қызметтері. Бұл операциялық жүйенің бөлігі Plug and Play сияқты құралды қамтамассыз ету үшін арналған. Бұл ішкі жүйеде DirectX сияқты мүмкіндіктерді де табуға болады. Операциялық жүйенің қызметтері қосымшалардың және операцилық жүйенің әр түрлі сұрауларын орындауға жауап береді. Виртуалды машина диспетчері. Бұл компоненттің көмегімен кез келген қосымша қосылады және өшірелді (MS DOS қосымшаларын қосқанда), сонымен қатар қосымшаны орындау үшін қажетті жады бөлінеді. Көптеген қосымшалар виртуалды машина диспетчерін тікелей қолданбайды, оған Win32 API арқылы оның функцияларымен байланысады. Соған қоса,виртуалды машиналар диспетчері сақталған режимде орындалатын MS DOS қосымшалары жады бөлу үшін қолданылатын MS DOS сақталған режимінің интерфейсін (DOS protected-mode interface- DPMI) жасайды. Құрылғы драйверлері мен Win32 (WDM) драйверлер моделі.Windows 98 бұл қабаты әр түрлі құрылғыларымен өзара әрекеттесу үшін қолданылады. Операциялық жүйенің командасы драйверлерінің көмегімен нақты құрылғылар командаларының форматына өзгереді. Windows 98 құрылғылар драйверлерінің үш типін қабылдайды. Бірінші тип- нақты режимдегі құрылғылар драйвері. Мұндай драйверлермен жұмыс істеген кезде Windows 98 жүйесіне процессордың нақты және сақтандырылған режимдері арасында қосылып отыруға тура келеді,бұл құрылғыға өту жылдамдығын азайтады және операциялық жүйе жұмысында күйреу мүмкіндіктерін ұлғайтады. Windows 98 құрылғылары сақталған режимде байланысуға болатын виртуалды драйверлерді де (VxD) қабылдайды. Сонымен қатар, Windows 98 Windows NT қолданылатын және әр түрлі құрылғыларымен жұмыс істегенде тез және сенімді істеуін қамтамассыз ететін Win32 Driver Model драйверлерінің жаңа үлгісін қабылдайды. Windows 98 MS DOS қосымшаларымен Windows қосымшаларына қарағанда біраз ерекше істейді. MS DOS әр қосымшасы бөлек виртуалды машинады орындалады. Әр виртуалды машинаның өзіндік адресті кеңістігі мен құрылғылары тәуелсіз өту мүмкіндігі болады. Жүйелік файлдар. Бірміндеттілік орта үшін қосымшалар жасайтын адамдар операциялық жүйенің функцияларына өтуді үзілісті өңдеу процедурасының көмегімен алуға болатынын біледі. Windows- та Windows қосымшалары операциялық жүйе функцияларына өтуді қосымшаларды бағдарламалау интерфейсінің көмегімен өтеді. Негізінде Windows-та қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі MS DOS-тағы үзілістер сияқты қиындықтарыд шешу үшін арналған: олардың көмегімен белгілі бір жүйеге белгілі бір тапсырманың орындалуы қажет екенін хабарлайды. Windows (16-разрядты және 32-разрядты) барлық қосымшалары бұл опеациялық жүйенің үш негізгі компоненттерінің функциялар щақыруын қолданады: kernel модулі (Windows 98 ядросы), GDI модулі (сызба құрылғыларының интерфейсі) және USERмодулі (қолданбалы интерфейс құрылғылары). Бұл компоненттердің 16-разрядты түрлері мына файлдарда болады: KRNL386.EXE,GDI.EXE және USER.EXE, ал 32-разрядты сәйкесінше KERNEL32.DLL,GDI32DLL және USER32.DLL файлдарында. Windows ядросы (Windows KERNEL). Операциялық жүйенің бұл бөлігі қосымшаларды орындау үшін қажетті төмен деңгейлі функцияларды қамтамассыз етеді. Мысалы, әрқашан, қосымшаға жады керек болған кезде ол Windows ядросына жүгінеді. Бұл компонент құрылғылармен өзара әрекеттеспейді, ол тек Windows операциялық жүйесінің өзімен жұмыс істейді. Сызба құрылғысының интерфейсі (GDI module). Әрқашан қосымшаға экран бетіне шығару керек болған кезде ол сызба құрылғысының интерфейсімен (Graphical Device Interface-GDI) берілген қызметтерді қолданады. Бұл Windows компоненті шрифтермен, баспа құралдары мен Windows басқа сызба құралдарымен басқарады. Қолданбалы интерфейс құралдары (User module) Windows дәл өз аты айтып тұрғандай, терезені білдіреді. Бұл операциялық жүйеге қосымшалардың ақпаратты көрсету үшін жасаған терезелердің барлығын бақылау үшін басқарушы бір мүше қажет. Әрқашан қосымша белгі не батырманы көрсеткен кезде ол User компонентінің белгілі бір функциясының типін қолданады. Windows 98 әлі де 16-разрядты қосымша ретінде қосылады, сондықтан бұл операциялық жүйе Plug and Play технологиясын қолдана алады. Plug and Play BIOS нақты режим сұрауларын және 16-разрядты сақталған режимді өңдеу үшін жеке бөлімдерден тұрады. Егер де Windows 98 32-разрядты режимде қосылатын болса, онда ол құрылғыларды орнату үшін Plug and Play BIOS жүгіне алмас еді. Құрылғыларды орнықтыру бойынша барлық жұмыс Windows қолданушысының сызба интерфейсін (Graphical User Interface) қосқанға дейін біту керек. 16-разрядты режимдегі операциялар Windows қосқан соң бірден бітеді. Қолданылатын қабаты 32-разрядты қосымшала болып табылады. 16- разрядты ядро қабаттың сұрауларын қабыл алғанда ол VWIN32.386 атты қосымшаны қосады. Бұл бағдарлама 32-разрядты динамикалық топтастырылған кітапханаларды (Dynamic Link Library-DLL) қосады, олар Windows бағдарламалық интерфейсін жасайды. Бұл тапсырманы бітірген соң VWIN32.386 өз алдына 32-разрядты ядроны шақыратын 16-разрядты ядроға басқаруды қайтарады. Осы уақыттан бастап Windows 32-разрядты режимде орындалады. BIOS деңгейінде Plug and Play қабылдау Plug and Play (PnP) компьютерді аппараттық жасақтаманы орнықтырудың ең қарапайым әдісін қамтамассыз етеді. PnP ешқандай жаңалық ашпайды. Windows 98 бір ғана шын мәнінде басқа түрлерден айрықша қылып тұратыны - Plug and Play қабылдайтын аппараттық жасақтаманың көрсететін мүмкіндіктері. Өткенге жүгініп көрейік. Ең бірінші микроарналы архитектуралы компьютерде (MicroChannel architecture-MCA) PnP үшін операциялық жүйеден басқа қажеттінің барлығы болады. Солай EISA-ның көптеген машиналары жайлы да айтуға болады. Тапсырма операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін қосуда ғана болған жоқ. Мұны операциялық жүйенің әр элементтеріне қосу керек болды; мұндай мүмкіндіктер жөндеулер ретінде енгізілуі мүмкін емес. Сонымен қатар белгілі бір кіріс немесе шығыс порттарына не үзілулерге таласатын құрылғылар арасында пайда болатын қақтығысуларды шешетін процедуралар болу керек. BIOS жүйесі стандартты интерфейспен қамтамасыз ету керек; алдында стандарттан басқаның барлығы ұсынылатын. PnP үш жүйелі компаненттердің өзара әрекеттесуінің шешімі болып табылады: апараттық жасақтама, BIOS пен операциялық жүйе. Қосу мезетінде BIOS барлық жүйелі компаненттерін сұрайды қатты диск пен дисплей адаптері қосылады. Қалғандардың барлығы операциялық жүйе қосылғанға дейін шетте қала береді. Қосылу процесінде операциялқ жүйе жүйе үзілулер және әр компаненттері үшін кіріс шығыс портының адерістерін белгілеу бойынша жұмысты тоқтатады. Ол сонымен қаттар BIOS тан алдындағы белгілеулер тізімін сұрайды сөйтіп операциялық жүйе белгілеулерді қайталап қолданбайды. EISA BIOS және MCA BIOS операциялық жүйемен жоғарыда айтылғандай әрекеттесуге арналған. Дәл осыдан PnP BIOS опекцифакциясы пайда болады. Бұл жүйе – Microsoft өнімі ғана емес , оны өндіруде Compaq Computer Corporation, Phoenix Technologies Ltd, және Intel Corporation компаниялары қатысады. PnP BIOS операциялық жүйемен әрекеттесуден басқан EISA және MCA BIOS сақтанған режим процедураларында жоқ маңызды жайыттармен қамтамасыз етеді. BIOS нағыз специфакациясы сақталған режимде орындалатын 16-разрядты процедураларды ғана қамтамасыз етеді. Бұл Windows 98 32 разрядты емес 16-разрядты режимде қосылуының себебі, өйткені нағыз режимдегі MS-DOS бөлек құрылымға белгіленген. Назыз режимдегі Windows 98 жүретін MS-DOS AUTOEXES BAT және CONFIG SYS файлдарын орындайды, бірақ бұл жайт кешірек қарастырылады. Сақталған режим процедураларын BIOS қа неғыз режимде жұмыс істеу үшін қажетті ақпаратты алдын ала жинамай қолдануға болмайды. PnP жүйесі ұсынатын қосалқы құрылғылар: Орындалған құрылғылардың иденфикциясы жайлы. Windows 98 автоматты түрде жүйеде Plug and Play барлық компаненттері анықталады. Бұл орнату мезетінде минимум ақпаратты ұсыну керек екенін, ал келесі жүктелулерде мүлде еш нәрсе істеп керегі жоқ екенін білдіреді. Осындай әдісті контраст құрылғыны орнату үшін ақпаратты қажет ететін Windows З.х операциялық жүйесі көрсетеді. Құрылғыға қажетті ресурстарды анықтау. Компьютердегі әр құрылғы ресурстарды яғни процессор циклдерін кіріс шығыс порттарын, DMA арналған жады мен үзілістерін қажет етеді. BIOS мен Windows 98 қосымша құрылғылардың өзара қатынасының көмегімен бұл қажеттіліктерді қандайда сырттан әсер етусіз қанағаттандырады. Жүйелік орнықтырудың автоматты түрде толықтыруы мен келіспеушіліктерді табу. Қосымша құрылғылар, BIOS және операциялық жүйелер арасындағы өзара қатынас Windows 98 қолданушының ешқандай кірісуінсіз жүйелі орнықтыруды жасауға мүмкіндік береді. Мұндай арақатынас Windows 98 ге барлық қосымшаларды басқа порттарға және құрылғылардың келіспеушілік жағдайы туған кезде үзілістерді қайта жөндеуге мүмкіндік береді. Драйверлердің жүктелуі мен жүктелуден шығуы. AUTOEXES BAT және CONFIG SYS командалық процестер немесе Windows З.х жүктелгенге дейін жүгінуі керек болғандықтан , драйверлер мен резидентті бағдарламалар жайындағы келісімдер жолдарынан тұрады. Windows 98 CONFIG SYS және AUTOEXES BAT файылдарын қолданбайтын PnP сәйкесті жүйелерді ұстанады және құрылғылардың кез келген драйверлерін жүктеуге және шығаруға мүмкіндік береді. D Жүйе орнықтыруларының өзгерістері жайындағы хабарландыру. Plug and Play технологиясы жүйе орнықтыруларының автоматты түрде өзеруге мүмкіндік береді , бірақ бұл Windows 98 қолданушыға болған өзгерістерді білдіртпейді. Әрқашан жүйе орнықтырулары өзгерген жағдайда Windows 98 экран бетіне хабар терезесін шығарып жүйедегі өзгерістерді хабарлап отырады. Бұл қосымша ынғайлықты жасауға мүмкіндік. Сонымен қатар Windows 98 әрқашан құрылғының қандай да бір бұзылуы болған жағдайда қолданушыға білдіреді. Құрылғының бір бөлігі жұмыс істемей тұрғанда Windows 98 оның байланыстан тыс екенін айтады. Қолданушыға құрылғымен байланыстың жоқтығына таңқалмас үшін Windows 98 өзгерістерді олар болысымен хабарлайды. Windows реестері Microsoft компаниясы Windows 95 сосын Windows 98 жасаған кезде ол Windows З.х операциялық жүйесінде қолданылған INI файылдарға қарағанда орнықтырудың ең ыңғайлы әдісін іздеді. Қолданушыларға басқа бағдарламалардың жұмыс директориядағы әр түрлі INI файлдарды айтпағанда жалпв Windows директориясына файылдарды жүктеу қиынға соқты. Windows З.х қандайда бір қиындықты жою үшін керекті файлды іздеу өте қиын. INI файлдарды жабдықтаушыларын бағдарламалық жасақтаманың орындауларының мүмкіндіктерін шектеуге жол берді. Пішімдеудің әр түрлі әдістерін қолданғандықтан ешкім де бұл жағдайда бір INI файлды екіншісінен ажырата алмады. Бұл қолданушының жұмысын аурлатқаны белгілі. Windows 98 дұрыс реестерсіз жүктеле алмайды. Реестер файылының кез келен бұзылуы Windows 98 дің жүктелуіне қарамастан көптеген қиындықтар туғызады Тіпті , реестер Windows реестері INI файлдарға қарағанда жай және жүйе жайлы ақпаратты орталық сақтағыш болса да ол өзімен өзі тудырады. Егер реестерді мән беріп қарастырсақ , Windows жүйесімен комьпютердің аппараттық құралдарының өзара байланысының толық сипаттамасынан тұратынын көруге болады. Windows реестрі аппараттық және бағдарламалық жөндеулерден ғана тұрмайды, ол сонымен қатар компьютер жайлы кез келген ақпараттан тұрады. Windows жайлы көп нәрсені мына базасында келтірілген ақпаратты қарастырып қана білуге болады. Мысалы, Windows 98 де бірнеше жұмыс үстелдерін қолдануға болатынын білесіз бе? Әрине бұл басқа қиындыққа әкеледі: бұл бөлек үстелдерді қарастыру. Реестр редакторында (Registry Editor) көрсетілген реестр форматы әкімшілікке жұмыс үстелдерін жөндеудің түрлілігін анықтауға мүмкіндік береді және оларды орнықтыруға көмектеседі. Бәрінен де ыңғайлысы реестрді жөндеу үшін мәтін редакторын қолдану міндетті емес. Windows тың басқару қолдана алатын реестрде сақталатын жөндеулерді өзгерту үшін әдейі сызба интерфейсімен редакторы бар. Windows реестрі көп ақпараттын тұрады және оны анықтау оңай, бірақ бұл қолданушы үшін әлі ештеңе білдірмейді. Қатты дис құрамын қорғау үшін жетекші (Explorer) қаншалықты жиі қолданылады? Көптеген адамдар оны жиі қолданады, өйткені ол ақпаратты табудың еі ынғайлы әдісі. Реестр Explorer ді қолдануда өте ынғайлы болады. Көп қолданылатын әдістердің бірі қосымшасы бар файл типінің көптік қауымдастығын жасау. BMP және PCX типті файлдармен қандайда бір сызба редакторының қауымдастығының жасау керек дейік. Бұл мүлде қиын емес. Бірақ типтердің әрбіреуі басқарма жолының параметірлерін қажет етсе не болады? Дәл осы уақытта реестрдің көмегі керек болады. Реестрдің белгілі бір жазбаларын жөндеу үшін әр түрлі типті құжаттар үшін жаңа командаларды контекстік менюге қосу керек. Реестрдің ішкі құрылысын қарастырайық. Реестр редакторын қосу үшін RegEdit ашыңыз. Реестр редакторын Windows 98 реестрдегі әр түрлі жазбаларды қалай жіктейтінін білу үшін қолдануға болады. Реестр редакторында екі панель бар, сонымен ол Windows жетекшісіне ұқсас. Сол жақ панелінде көрсетілген элементтер кілттер болып табылады. Бұл кілттерді орнықтыру ақпаратының белгілі бір бөлшектерін табуын тездететін кітап бөлімдері ретінде қарастыруға болады

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]