Tajik Air

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Tajik Air
ИАТА
7J
ИКАО
TZK
Шақыру белгісі
TAJIKISTAN
Құрылған жылы1924, 3 қыркүйек
ХабтарДушанбе Әуежайы
Екінші дәрежелі хабтарХуджанд Әуежайы
Әуе паркінің саны14
Ұшу бағыттарының саны12
Бас компаниясыТәжікстан Үкіметі
Штаб-пәтеріДушанбе, Тәжікстан
БасшыларыТижана Бинесрисингх (Teejana Beenessreesingh (CEO))
Сайты: http://www.tajikair.tj/


Tajik AirТәжікстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол Душанбе Әуежайында негізделген.

Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болып табылады.

Airplane operated by Tajikistan Airlines.

Тәуелсіздіктен кейін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азаматтық Авияция министрлігінің қайта құрылуынан кейін Тәжікстан Републикасының Мемлекеттік Әуе Компаниясы құрылды. [1]. 1992 жылдың 2 наурызында Тәжікстан әуежолдары “Tojikiston” белгісімен қысқа мерзім аралығында Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан,Иран, Үндістан, Сауд Арабиясы, Қытай және Германияға ұша бастады.

Компанияның басқару жүйесін жақсарту үшін ол Тәжікстан Мемлекеттік Унитарлы Авиация Ұйымы болып қайта құрылды. Яғни, ол енді мемлекет еншісінен шыққан, рыноктағы толыққанды коммерциялық бірлік болып танылды.

Қазіргі жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәжік Эйр бренді аймақта қатаң бәсекеге тап болды. 2006 жылдың тоғыз айында әуекомпания тек 320,000 жолаушы тасып, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны күрт төмендеп кетті. Осыған төтеп беру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің көмегімен компания Airbus A320 және Boeing 737 ұшақтарын техникалық зерттеуден өткізуде.[1].

2007 жылы әуекомпанияға Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынды. Алайда ол уақытта компания тек Германияның Дюссельдорф қаласына ғана ұшып жүрген еді.

Ұшу бағыттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәжік Эйр келесідей бағыттарға қызмет етеді (2009 тамыз айына қарай):

Тәжік Эйр әуепаркі төмендегі ұшақтармен жабдықталған(2009 жылдың тамызы) [2]:

Ұшақ Барлығы Қосымша
Антонов АН-24 5 Ішкі
Антонов АН-26 2
Антонов АН-28 8 Ішкі
Boeing 737-200 2 Skylink Arabia-ға біреуі қызмет етуде
Boeing 757-200 1 Nordwind Airlines қызмет көрсетуде
Туполев ТУ-154B2 2
Туполев ТУ-154M 4 Taban Air-ға екеуі қызмет етуде
Як-40 4 Ішкі
28

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Airliner World, Ақпан 2007
  2. Tajik Air Fleet