QazVac вакцинасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
QazCovid-in
Химиялық құрамы
ИЮПАК ?
Брутто-
формула
?


DrugBank DB16441
Классификация
Фарм. топ вакциналар, сарысулар, фагтар мен анатоксиндер
АТХ ?
Дәрілік түрлері
бұлшық етке енгізуге арналған ерітінді
Енгізу әдісі
бұлшық ет ішіне
Сауда атаулары
QazVac, КазВак, КазКовид-ин

«QazCovid-in», саудалық атауы «QazVac»[1] (КазВак, КазКовид-ин) — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің Ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған COVID-19-ге қарсы инактивті вакцина (белсенді емес вакцина).

Жалпы сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

QazVac вакцинасы - инактивті вакцина. Организмді әрекет етуге әзірлеп, иммунитет антиденелері пайда болады. Сыртқы ортада жабайы айналымдағы вируспен кездескен жағдайда, организм көптеген антиденелермен шабуыл жасауға дайын болады.

Вакцина 21 күн аралығымен екі дозамен енгізіледі.

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazVac вакцинасы Цельсий бойынша +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталуы мүмкін, бұл өзінің шетелдік баламаларынан айырмашылығы оны тасымалдауға және сақтауға қарапайым етеді. Мысалы, оған арнайы қатаң температура қажет емес. Бұл ерекшелік оның ел өңірлеріне жеткізілуін айтарлықтай жеңілдетеді. Осындай нәтижелерге вакцинаны жасаудың бастапқы кезеңінде ғалымдар таңдаған тәсіл арқылы қол жеткізіледі.[2]

Клиникалық зерттеулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылдың 25 желтоқсанында вакцинаны клиникалық зерттеу басталды.

2021 жылдың 11 қаңтарында еріктілерге егу жұмыстары аяқталды[3], сол уақытта QazCovid-in үшін 9 айға уақытша тіркеу берілді.[4]

26 сәуірде қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі (III фаза) зерттеу субъектілерінің 50%-ынан асты. Үшінші кезеңді толық аяқтау 2021 жылғы 25 маусымға жоспарланып отыр, одан кейін QazVac тиімділігіне толық бағалау жүргізілетін болады.[5]

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап қолданылады. 29 сәуірдегі жағдай бойынша вакцинаны 9 мың адам алды.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]