Nokia Lumia 1020

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сурет:Nokia-Lumia-1020-21.jpeg
Nokia Lumia 1020

Nokia Lumia 1020 - Windows Phone 8 операциялық жүйесінде жұмыс атқаратын, Nokia компаниясының жетекшілігімен құрастырылған ұялы телефон. Смартфон алғаш рет 2013 жылдың 11 шілде күні Нью-Йорк қаласында жарық көрген. Негізінен бұл смартфон 4.5 дюймдік өте сезімтал экранмен жабдықталған. Экранның рұқсаттығы HD+ (1280x768). Ал негізгі дисплей AMOLED технологиясы арқылы жасалынып, Gorilla Glass 3 қатты әйнегімен қорғалынған. Сонымен қатар, смартфонда 1,5 GHz жиілігінде жұмыс атқаратын екі ядролық процессор орнатылған. Смартфонның негізгі өзгешілігі 41 мегапиксельдік PureView камерасы.

Смартфонның келбеті боялған поликарбонаттан жасалған. Нарыққа шығарылған сатылымдағы түстер: сары, қара, ақ. Келбетінің өлшемдері: биіктігі - 130,4 мм; ені - 71,4 мм; қалыңдығы - 10,4 мм; жалпақ бөлігінде - 14,5мм.

Процессоры

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Смартфон 1,5 GHz жиілігі арқасында екі ядролық Qualcomm MSM8960 Krait процессоры және Qualcomm Adreno 225 графикалық процессорымен жұмыс істейді. Смартфонға еңгізілген оперативті жад 2 Гб тең. Ал еңгізілген жад саны 32 Гб тең.

Lumia 1020 4G, 3G және NFC модульдерімен жабдықталған. Сонымен қатар смартфонда Wi-Fi 802.11 a/b/g/n модулі қойылған. Осының есесіне смартфон Wi-fi HotSpot технологиясын қолдана алады. Осыған қоса смартфонда Bluetooth 3.0 мен USB v2.0 бар.