Luxottica
Luxottica Group S.p.A. | |
![]() | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Қызметі | |
Құрылды |
1961 |
Құрушы |
Леонардо дель Веккьо |
Орналасуы | |
Саласы | |
Өнімі |
Күннен қорғайтын көзілдірік, көзілдіріктің жиектемесі |
Таза табыс | |
Қызметкерлер саны |
80,000 (2019)[1] |
Басшы компания | |
Еншілес компания |
Ray-Ban, Essilor, Persol, Oakley, LensCrafters, OPSM, Sunglass Hut, Apex by Sunglasshut, Eyemed, Pearle Vision, Sears Optical, Glasses.com, Onesight, Target Optical |
Сайты |
Luxottica Group S.p.A. — италиялық көзілдіріктер шығаратын компания. 1961 жылы құрылған. Штаб-пәтері Италияның Милан қаласында орналасқан.
Компанияның акциялары Милан қор биржасында саудаланады, сонымен қатар FTSE MIB қор индексін есептеу базасына енгізілген.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c7/Lauriano_stabilimento_luxottica.jpg/220px-Lauriano_stabilimento_luxottica.jpg)
Luxottica әлемдегі танымал Chanel, Prada, Giorgio Armani, Burberry, Versace, Dolce and Gabbana, Michael Kors, Coach, Miu Miu және Tory Burch сияқты брендтерге арналған күннен қорғайтын көзілдірік пен көзілдіріктің жиектемесін жасайды.[2][3][4][5]
2017 жылдың қаңтарында Luxottica Essilor-мен біріккені туралы жариялады.[6] Біріккен компания көзілдірік нарығында жаһандық сатылымның төрттен бірінен астамын бақылайды.[7][5] 2018 жылдың наурыз айында Еуропалық комиссия Essilor және Luxottica компанияларының бірігуін сөзсіз мақұлдады.[8] 2018 жылдың 1 қазанында жаңа EssilorLuxottica холдингі құрылды, нәтижесінде жиынтық нарықтық капиталдандыруы шамамен 70 миллиард долларды құрады.[9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b EssilorLuxottica - Annual Report 2019 (ағыл.). Тексерілді, 10 шілде 2020.
- ↑ Arends, Brett. Are Designer Sunglasses Worth the Price? (22 шілде 2010). Тексерілді 8 сәуірдің 2023.
- ↑ Eyewear brands. luxottica.com (1 мамыр 2015).
- ↑ Touryalai, Halah. Ray-Ban, Oakley, Chanel Or Prada Sunglasses? They're All Made By This Obscure $9B Company, Forbes.
- ↑ a b The spectacular power of Big Lens.
- ↑ Chad Bray and Elizabeth Paton, Luxottica, Owner of Ray-Ban, in $49 Billion Merger With Essilor Мұрағатталған 15 қазанның 2019 жылы.. The New York Times, 2017/01/16.
- ↑ Eyewear 2018 Edition: Key Research Highlights (17 шілде 2017).
- ↑ EU clears merger of Essilor, Luxottica without conditions, Reuters (наурыз 2018). Тексерілді 8 сәуірдің 2023.
- ↑ EssilorLuxottica (ағыл.). Forbes. Тексерілді, 12 маусым 2021.
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Luxottica |