I Паракрамабаху

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Паракрамабаху

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

| Паракрамабаху Шри-Ланка мемлекетінің 1153-1186 жылдардағы билеушісі. Өзі патшалық құрған кезеңде Шри-Ланка аралындағы үш хандықтың басын қосты. 1156-1157, 1160- 1161 жылдары феодалдардың сепаратистік қозғалыстарын және ханзадалардың көтерілістерін басты.1164-1165 жылдары Пегудегі,

1167-68, 1175-76, 1181-82 жылдары Үндістанда чолаларға қарсы соғысты басқарды. Паракрамабаху елін біртұтас мемлекетке біріктіріп, бірнеше маңызды әкімшілік реформа жүргізді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жойып, басқару ісін орталықтандырды, әскерді қайта құрды. Буддизмде дінбұзарлармен күрес жүргізді.

I Паракрамабахудың тұсында бүкіл елде суландыру жүйесі іске қосылды, орасан үлкен ғибадатханалар салынды. Өзінің қалың жасағымен Мьянма елін шабуылдап, Үндістанның оңтүстігінде жатқан Чола императорлығына қарсы соғыста Пандья халқына көмек берді. Ария-Калинга азаматтық соғысы аяқталған соң, Рухуна жеріндегі Шри-Валлабха ғибадатханасын тастап, астанасы Санхаттали болып табылатын Даккинадеса жеріне қайтып келді. Ол қалың жасағымен солтүстікте орналасқан Гаджабаху тайпасына үлкен қауіп төндірді. 1150 жылдары алғашқы соғыста-ақ Паракрамабаху жасағы Малайя жерін басып алды. 1153 жылдан бастап Полоннарува қамалына орналасып, Шри- Ланка жерінде тағы да 33 жыл билік жүргізді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4