Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Ұлы III Педро - Арагон патшасы - I Хайменің үлкен ұлы. Ұлы Педро 1276 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Арагона, Валенсия және Майорканың патшасы, тәуелсиз Барселонаның графы болған. Жас кезінде және есейген шағында Педро әкесі бастаған маврларға қарсы ұзақ соғыстарда біраз тәжірибе жинады. 1262 жылдың 13 маусымында Сицилия патшасы Манфредтің қызы - Констанцияға үйленді. Ал екінші әйелінің есімі Йоланда Венгерская болған. 1276 жылдың қараша айында Педро Сарагоса қаласында тәж киді. Педроның патша ретіндегі алғашқы міндеті Валенсия жерінде тыныштық орнату болатын. 1282 жылы қыркүйек-қазан айларында Сицилия жерін басып алып, сол жерде билік құрды. Педро өзінің мүмкіндігін пайдаланып, 1283 жылдың ақпан айында Калабрия жағалауының үлкен бөлігін алды. III Педроның қысқа ғана патшалық ғұмырында Еуропа мен Жерорта теңізі тарихында шұғыл өзгерістер көп болды. III Педро 1285 жылы 2 қарашада немесе 11 қарашада Каталонияның Вильяфранка-дель-Пенедес деген жерінде қайтыс болды. III Педроның саяси және әскери талантынан бөлек өлең жазатын да қабілеті болған. Қашанда трубадурларды қолдап отырған.